3153

Бүгін Олимпиадада қазақстандық спортшылар қай уақытта сайысқа түседі?

Бүгін Нора Джеруто жүгіруден алтынға, Назым Қызайбай бокстан күміске таласады.

Бүгін Олимпиадада қазақстандық спортшылар қай уақытта сайысқа түседі?
olympic.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Париж Олимпиадасында 6 тамыз, сейсенбі күні қазақстандық спортшылар жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, грек-рим күресі, құзға өрмелеу және бокс секілді 5 жарыс түрінен бақ сынайды.

Жеңіл атлетика

13:50. Кедергілер арқылы 100 метрге жүгіру. Ерлер. Жұбаныш кезеңі. Давид Ефремов
00:14. 3 шақырымға жүгіру. Әйелдер. Финал. Нора Джеруто
00:40. 200 метрге жүгіру. Әйелдер. Финал. Нора Джеруто

Байдарка мен каноэде есу

14:00. Іріктеу. 17:20. Ширек финал. Марина Бровкова, Руфина Искакова
14:00. Іріктеу. 17:50. Ширек финал. Сергей Емельянов, Тимур Хайдаров
14:30. Іріктеу. 18:30. Сергей Токарницкий, Беарыс Раматулла

Грек-рим күресі

14:00 (Іріктеу), 21:15 (Жартылай финал, финал). Демеу Жадраев (77 келі)

Құзға өрмелеу

16:00. Жылдамдық. Ерлер. Іріктеу. Әмір Маймұратов

Бокс

1.02. 50 келі. Жартылай финал. Назым Қызайбай - Ву Ю (Қытай)

Олимпиадада 5 тамыздағы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар.

Материал авторы