Куба аңызы Михаин Лопес бес дүркін Олимпиада чемпионы атанған соң спортпен қош айтысты (ВИДЕО)

07.08.2024, 11:55
1158
Куба аңызы Михаин Лопес бес дүркін Олимпиада чемпионы атанған соң спортпен қош айтысты (ВИДЕО) olympic

Париж Олимпиадасында Кубаның даңқы балуаны Михаин Лопес грек-рим күресінен бесінші рет чемпион атанды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлемдік күрес тарихында рекорд орнатқан балуан жеңісті сәтінен кейін үлкен спорттан кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы 1Bol.kz жазды.

Париж Олимпиадасында 4 белдесу өткізген ол барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Алғашқы айналымда Оңтүстік Корея балуанын 7:0, парсы спортшы, әлем чемпионы Амин Ризазадені 3:1, жартылай финалда Әзірбайжан өкілін 4:1 есебімен қапы қалдырды. Ал финалда өзінің отандасы, Чили атынан күресетін Ясмани Акостаны 6:0 есебімен айқын жеңді.

Төреші жеңімпазды хабарлағаннан кейін Лопес бозкілемде аяқ киімін шешіп, балуандардың спортпен қоштасарда жасайтын рәсімін орындады. Көзіне жас алған балуан жанкүйерлерімен қоштасуда қимастық сезімін байқатты. Ал оның жеке бапкері де аңыз балуанның спортпен қоштасқан сәтінде көз жасына ерік берді.

Михаин Лопес 2008, 2012, 2016, 2020 жылдары Олимпиада ойындарында топ жарған. Ол әлем біріншілігінің және Панамерика ойындарының 5 дүркін жеңімпазы. Спортшы сондай-ақ, Панамерика чемпионаттарында 9 мәрте үздік атанды. Куба алыбы Токиода 4 дүркін чемпион атанғанда Александр Карелиннің жетістігін жаңартқан еді.

Ол Токио Олимпиадасынан кейін ешқандай жарысқа қатыспастан бірден Париж додасына табан тірегенін де айта кету керек.

 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды