1084

Париж Олимпиадасы: бүгін кімдер жарысқа шығады?

Бүгін Олимпиадада қазақстандық спортшылар қай уақытта сынға түсетіні белгілі болды.

Париж Олимпиадасы: бүгін кімдер жарысқа шығады?
olympic.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Париж Олимпиадасында 10 тамыз, сенбі күні қазақстандық олимпиадашылар спорттың төрт түрінен — еркін күрес, брейкинг, қазіргі бессайыс және велотректен бақ сынайды.

14:00–де еркін күрестен 97 келі салмақта Әлішер Ерғали ел намысын қорғайды. Ол бірінші белдесуінде мысырлық Мұстафа Әл-Елсайед Элдерспен белдеседі. Еркін күрестен жартылай финал 21:15–ке жоспарланған. 

Ал 16:30–да қазіргі бессайыстан Елена Потапенко сынға түседі.

19:35–те брейк-данстан жарыс басталады. Онда Әмір Зәкіров ел намысын қорғайды.

Финал Астана уақытмен 00:29–ға жоспарланған

Ол D тобында сынға түседі. Отандасымыз Menno (Нидерланд), Billy (Марокко) және Quake (Қытайдың Тайпейі) лақап атымен танымал спортшылармен шеберлік байқасады.

20:19–да велотректен ел намысын Андрей Чугай қорғайды.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпы командалық есепте 34-орында тұр. 

Материал авторы