Қазақстан бүгін брейкингтен алтын медальға таласады

10.08.2024, 12:32
1488
Қазақстан бүгін брейкингтен алтын медальға таласады ашық дереккөзден

Ол – жарыс фавориттерінің бірі атанды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін Олимпиада астанасы Парижде брейкингтен ерлер арасында жүлделер сарапқа салынады. Қазақстан намысын Әмір Зәкіров қорғайды.

Сенбі, 10 тамызда қазақстандық Әмір Зәкіров Олимпиада тарихындағы жаңа спорт түрі болып саналатын брейк жарысына қатысады. Әмір сайысты топтық кезеңнен бастайды. Егер жолы болса финалға өтеді. Оның би алатын уақыты шамамен - 19:35.

26 жастағы Әмір бимен айналысуды 12 жасында бастаған. Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. 16 жасында Омбыға көшіп, сол жақта айналысқан. Кейін Мәскеуге қоныс аударады.

Топтық кезеңде 16 спортшы қатысады, олар төрт топқа бөлінеді. Әр топтан екі үздігі финалға өтеді. Әмір Олимпиададағы фавориттердің бірі саналады. Бірақ букмекерлер оның жеңісіне сенбейді. Чемпион атанады деген болжамға 21 коэффицент беріп тұр. Ал үштікке кіреді дегенді таңдасаңыз 5 коэффицент.

Басты қарсыластарының арасында АҚШ, Канада, Жапония, Нидерланды, Франция спортшылары бар.

Әмір Зәкіровтің өнерін «Хабар» және «Еларнадан» тамашалауға болады.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды