«Ырду-дырдуға араластырып Бекзаттан айырылып қалдық»: Бибігүл Дәулетбекқызы Елдос Сметовке төніп тұрған қауіпті айтты

Аиса Махамбет Редактор
13.08.2024, 16:36
1815
«Ырду-дырдуға араластырып Бекзаттан айырылып қалдық»: Бибігүл Дәулетбекқызы Елдос Сметовке төніп тұрған қауіпті айтты collage smartnews.kz

«Намазын өзі үшін оқысын, жанындағылар бұл жігітті құртып жатыр» деді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы жеке парақшасында Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің діни ұстанымына қатысты пікірін айтты. Ол чемпионның жүрген ортасы туралы айта кетті.

«Міне! Сыннан нәтиже шықты! Қандай әп-әдемі болды. 15 жасқа жасарып кетті. Менің де миссиям осы! Енді жүрегіне Қазаққа деген патриоттығын оятсын! Жанындағылар бұл жігітті құртып жатқан. Ортасын тезірек дұрыстау керек. Чемпионымыздың дұрыс жолмен жүргенін мен де қалаймын.

Сосын бұл жігітті той-томалаққа апара беруді доғару керек. Хабиб ең алғаш жеңіспен оралғанында, әкесі бірден Америкаға алып кетті. Неге дейсіз бе?
Себебі оларда да біздер секілді той-томалақпен есін тандырады. Баласының келешегін ойлаған ақылды әке, дереу елінен жыраққа апарды. Ол жаққа барып білім алды, тіл үйренді, сөйлеу мәнеріне дейін жұмыс жасады. Нәтижесін өздеріңіз көрдіңіздер.

Бүгінде Хабибты әлем таниды. Миллиондағандардың кумирі. Ал Елдос келесі Олимпиадаға барамын деді. Ендеше, қазірден бастап өзін қолға алсын! Тіл үйренсін, айналасындағылардан сақтанып жүрсін!», — деп жазды журналист.

Журналист марқұм чемпион Бекзат Саттархановтың жұмбақ қазасын да айта кетті.

«Бекзатты да кезінде сақтай алмадық емес пе?! Ырду-дырдуға араластырып. Жол апатына түскенінде бір адам көрмей қалғаны жаныңды ауыртады. Қайда қаптаған шұбырған жанашырлары?

Жүрегімде Қазағыма деген ұлттық жанашырлығым басым болғаннан соң, әр Батырымыздан Қазағымның рухтың иісін сезгім келеді. Айтпағым осы, ағайын?!», — деп жазды журналист.

Сондай-ақ Бибігүл Дәулетбекқызы Елдостың теріс ағымдардан аулақ болуын ескертті.

«Әлеуметтік желін ақтарып шықсаңыздар, масқара бейнежазбалар өте көп, дінді айтып отырған. Оқысын намазын. Әйтсе де, өзі үшін. Кімнің жанында жүргенін барлығын қарап шықтым да, сосын сынымды жаздым. Бар болғаны «Қазақ бол! Әке-шеше — басымыздағы алтын тәж» дедім. Бейнероликті постарымнан көре аласыздар. Сындарымды оқи аласыздар.

Әр Қазағымның патриот болғанын мен де қалаймын. Егер де спортшыларымыз теріс ағымға өтіп кетсе, құрыдық дей беріңіздер. Себебі, атқа қонатын батырларымыздың жүрегі елім-жерім деп жалындап тұру керек. Әгәрәки, ел басына күн туса — мына мен емес, солар атқа қонатын. Қыздар тек тілекші. Ал бойында рухы жоқ жігіттер елім деп шырылдамайды», — деп жазды журналист.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген