Елімізде оқуға түсе алмаған түлектерге тағы да 10 мың грант бөлінеді

21.08.2024, 09:17
1345
Елімізде оқуға түсе алмаған түлектерге тағы да 10 мың грант бөлінеді ашық дереккөзден

Қазақстанда ҰБТ-да 100-ден жоғары балл жинаса да, грантқа түсе алмағандарға қосымша 10 мың грант бөлінеді. Бұл туралы “Хабар 24” арнасы мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, биыл бюджеттік орындарға былтырғымен салыстырғанда бақ сынағандар саны 11 мың үміткерге көп болған. Сондай-ақ грант төңірегінде дау туып, ҰБТ-дан жоғары балл алғандар су тасқынынан зардап шеккен аймақтың түлектеріне грант берілгеніне қарсы шықты. 

“Төтенше жағдай аймағына жалпы гранттан бөлек грант бөлінуі керек еді. Бұл – әр баланың несібесі. Келесі жылы да үміткерлер көп болады. Сондықтан журналистика, менеджмент, ағылшын тілі, дүниежүзі тарихы сияқты мамандықтарға гранттар көбірек бөлінсе екен деймін”, – деді талапкер Назерке Қалжігіт.

Көктемде табиғи апат болған аймақтардың түлектеріне мемлекеттен барлығы 5 мыңнан астам білім гранты бөлінді. Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқардың айтуынша, тиісті ведомство ықтимал салдары мен тәуекелдерді болжай алмаған.

“Жағдай екіұшты. Бір жағынан төтенше жағдайдағы аймақтардан келген балаларға көмектестік, екінші жағынан басқа балалардың құқығын таптадық. Енді олар сотқа бермек. Бұл – олардың құқығы. Мұндай соттар ұзаққа созылады. Мұның нәтижесі қандай болатыны да анық емес. Тіпті олар сотта жеңіске жетіп, министрлік оларға бұл гранттар үшін өтемақы төлеуі керек болса да, олар келесі жылдың бюджетінен түсетін шығар. Оған тиісті бөлім кінәлі. Оны неғұрлым анық және ашық ұйымдастыру қажет еді”, – деді мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек гранттардың басым бөлігін мемлекет үшін маңызды мамандықтарды таңдаған талапкерлер иеленетінін айтты.

“Биылдан бастап бізде жылу энергетикасы, су, орман шаруашылығы салаларындағы үлкен проблемаларға байланысты жылу энергетикасы, гидрогеология, ветеринария, ауыл шаруашылығы сияқты мамандықтарға қосымша гранттар бөлініп жатыр. Жоғары балл жинаған студенттердің толық тізімін ректорларымызға тапсырдық. Бұл – мықты және талантты студенттер. Қосымша 10 мыңға жуық грант бөлінеді”, – деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды