Алматыда ерекше жатақхана пайдалануға берілді

24.08.2024, 17:50
1536
Алматыда ерекше жатақхана пайдалануға берілді Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Оқу жылы қарсаңында Алматыда Нархоз университетінің жаңа Emen Student Housing жатақханасының салтанатты ашылуы өтті. Студенттер үйі 424 орынға арналған және білім алушылардың жайлы тұруы үшін толықтай жабдықталған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жатақхананың ашылу салтанатына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, мемлекеттік орган басшылары, сондай-ақ жұмыс берушілер кеңесінің мүшелері, әкімшілік, профессорлық-оқытушылар құрамы және университет студенттері қатысты.

«Бүгін біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың студенттік жатақханалар мәселелерін шешу жөніндегі тапсырмасының іске асырылуын көріп отырмыз. Қазақстанда әрбір студент білім алу үшін қолайлы жағдайға ие болуы тиіс. Мәселе тек оқу ғимараттарына ғана емес, сонымен қатар алыс аймақтар мен қалалардан келген студенттерге арналған орындарға да қатысты. Қолайлы орта құру білім алушы жастардың уәждемесі мен әлеуетін бірнеше есе арттырады, ал Нархоз университеті осыған байланысты жоғары стандартты белгілейді», - деп атап өтті министр.

Emen жаңа форматтағы жатақханасы – университеттің инфрақұрылымын кеңейтуге және жаңартуға бағытталған ірі әлеуметтік бастаманың маңызды бөлігі. Жатақхана атауы тұрақтылық пен тектілікті білдіреді. Емен ағаштары жаңа жатақханада өсірілетін болады. Бұл атау Нархозда бұрыннан қалыптасып келген дәстүрді жалғастыруда: университет кампусын қайта құру аясында 60 жастағы талшын ағашы сақталды. Нархоздың басқа жатақханалары – «Alma» және «Terek» – өз аумағындағы көрнекті ағаштардың атауларына ие болды.

Өз кезегінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мұндай нысандар қаланың әлеуметтік ахуалын жақсартатынын айтты. 

«Студенттер үйі» - бұл Алматы картасындағы жаңа нысан ғана емес. Мұндай жағдайда әр студент өзін үйдегідей сезінеді, сонымен бірге өзі үшін жаңа ортаға оңай еніп, сапалы білім алып, қаланың дамуына өз үлесін қоса алады. Құрылыс жеке қаражат есебінен жүргізілгенін атап өткім келеді, бұл жалпы өзін-өзі қамтамасыз ететін мегаполис үшін жақсы тәжірибе», - деп айтты қала әкімі.

«Emen» студенттер үйі бір жылдан аз уақыт ішінде Нархоз акционерінің қаражаты есебінен салынды. Жатақхана жалпы ауданы 8700 м² құрайтын үш, бес және жеті қабатты ғимараттар кешенінен құралған. Студенттер үйіндегі бөлмелер панорамалық терезелер, жиһаз, техника, климаттық бақылау және автоматты өрт сөндіру жүйелерімен қамтылған, сондай-ақ жеке санитарлық тораптармен жабдықталған. Бөлмеге сандық код құлыптары немесе саусақ іздерін сканерлеу арқылы кіруге болады. Заманауи қажеттіліктердің барлығы қамтылған студенттердің қолайлы жағдай тұрулары үшін жаңа баспана құрылып отыр.

Әр қабатта ас үйлер, асханалар мен коворкингтер бар, ал бірінші қабатта дүкен, кір жуатын орын, барбершоп, кофехана, дәріхана және медициналық кеңсе орналасқан. Wi-Fi жатақхананың барлық аумағында қолжетімді. Абаттандыру және көгалдандыру барысында 100-ден астам бұталар мен ағаштар отырғызылды, сонымен қатар workout аймақтары жабдықталған. Жатақхананың төбесінде ауданы 400 м² құрайтын жасыл терраса салынған.

Айта кету керек, жаңа жатақханада орындарды бөлу ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бекіткен ережелерге сәйкес жүргізіледі. Білім беру гранттары бойынша да, ақылы негізде де оқитын Нархоз университетінің қаладан тыс және шетелдік студенттері үміткер бола алады. Қазіргі уақытта жоғары оқу орнының 4 студенттер үйі бар.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды