Елдің үздік робототехниктері анықталды

28.08.2024, 11:45
1371
Елдің үздік робототехниктері анықталды

Алматыда World Robot Olympiad – 2024 халықаралық олимпиадасының республикалық кезеңі өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, беделді байқау Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында өтті. Екі күн бойы 272 оқушы RoboMission, Future Innovators, RoboSports және Future Engineers санаттарында бақ сынады. Биылғы жарысқа қатысушылардың жартысынан көбі жалпы білім беретін мектептерден келгенін, олардың ішінде 16 команда ауылдық оқушылардан құралғанын атап өткен жөн.

WRO байқауының биылғы тақырыбы – «Жер-Ана қамқоршылары». Ережеге сәйкес RoboMission санатында оқушылар арнайы аренада белгілі бір миссияларды орындайтын роботтарды бағдарламалап, практикалық тапсырмаларды шешеді. Ал RoboSports санаттарында бағдаларламалау арқылы спорттық сайыстарға дербес түрде қатыса алатын роботтарды жинайды, ал Future Engineers санатында робототехника және инженерия принциптерін қолдана отырып, күрделі техникалық тапсырмаларға арналған инженерлік шешімдерді құрастырады. Future Innovators санатындағы өнертапқыштар адамдардың табиғатпен үйлесімді өмір сүруіне көмектесетін, жойқын табиғи құбылыстардан қорғай алатын, климаты қатал жерлерде тұруға жағдай жасайтын робот модельдерін әзірлейді.

Олимпиаданың ашылу салтанатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин жас робототехниктердің алдында ерекше миссия тұрғанын атап өтіп, оларға үлкен сенім артатынын білдірді.

– Осы жылғы тақырып – өте өзекті. Қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа жанашырлық таныту – әрбіріміздің міндетіміз. Дегенмен экологиялық мәселелер жыл өткен сайын күрделеніп, оларды шешу үшін жаңа технологиялар мен инновациялық тәсілдер қажет болуда. Сондықтан биылғы жарыста ұсынылатын жобалар табиғат пен адамзаттың үйлесімді өмір сүруіне үлес қосады деп сенемін. Бұл міндеттерді шешу сіз сияқты жастардың қолында, – деді Басқарма төрағасы.

Future Innovators, яғни шығармашылық санат бойынша төрешілерге 50 жоба ұсынылды. Жас робототехниктерді су тасқыны, жер сілкінісі, жаһандық жылыну, экология, ауыз су тапшылығы және басқа да ғаламдық мәселелер алаңдатады. Мысалы, елордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Таир Тұрсынхан мен Қалиақпар Баймұхан су тасқыны кезінде адамдарға көмек көрсетететін робот әзірледі.

– Бүгінгі күні планетамыздың температурасы бір градусқа көтерілді және бұл процесс жалғасуда. Бұл миллиондаған текше метр судың булануына және жауын-шашынның көбеюіне әкелуде, соның салдарынан су тасқындарының қаупі де артып келеді. Биылғы көктемде осындай тасқындардың куәсі болдық. Сондықтан біз адамдарға қауіпті аймақтан тез шығуға және қауіпсіз жерге жетуге көмектесетін құтқарушы робот жасауды қолға алдық, – дейді Таир.

Жамбыл облысы Байзақ ауданының Н. Киікбаев атындағы ауылдық мектеп-гимназиясының оқушылары Бексұлтан Айдар мен Жансұлтан Ошақбай ауыл шаруашылығымен айналысатын адамдарға арналған «Экоауыл» жобасын таныстырды. Бұл бастама қашықта орналасқан ауылдық аймақтардағы жұмысты жеңілдету үшін автоматтандыруға және күн, жел, су сияқты жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға бағытталған.

Олимпиаданың нәтижесі бойынша RoboMission. Elementary, RoboMission. Junior және RoboMission. Senior санаттарында Астанадағы Роботек мектебінен келген Глеб Листопадний мен Әділхан Мукушев, Амандос Әубәкір мен Әкежан Жетпісбаев, Аңсар Саурбаев пен Марат Казкенов жеңімпаз атанды.

RoboSports санатында оралдық өнертапқыштар Нұрдәулет Хамза мен Аружан Курматова, Future Engineers санатында Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ернұр Сәду мен Алдияр Аппаз жеңіс тұғырынан көрінді.

Талдықорғандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өрендері Алинұр Ринатұлы мен Нұрали Нұржан Future Innovators. Elementary санатында, Сержан Қалдыбек пен Ақниет Молдакеримов Future Innovators. Junior санатында, Іңкәр Құрманбаева мен Айым Бауыржанқызы Future Innovators. Senior санатында бірінші орындарды иеленді.

Айта кетейік, республикалық чемпионатта үздік нәтиже көрсеткен командалар қараша айында WRO–2024 олимпиадасының Түркияда өтетін әлемдік кезеңінде ел намысын қорғайды.

Еске салсақ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ – 2014 жылдан бері World Robot Olympiad халықаралық робототехника олимпиадасының Қазақстандағы Ұлттық ұйымдастырушысы. 10 жыл ішінде NIS еліміздегі робототехника саласының дамуына және отандық командалардың халықаралық деңгейдегі жетістіктеріне айтарлықтай үлес қосты.

«Бар болғаны 85 шаршы метр»: Мәдина Сәдуақасова Алматының ең қымбат ауданынан қымбат пәтер сатып алғанын айтты Дариға Назарбаева Дубай әуежайында жүр «Жағдайын көре тұра, көмектеспеген»: 25 жастағы жүкті әйелдің өліміне кінәлі аурухана дәрігерлері жазасын алды Елімізде әрбір бесінші әйел қатерлі ісіктен қайтыс болады Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды басып өлтірді (ВИДЕО) «Біреуі домбыраны харам дейді, біреуі туды қорлайды» – депутат Ермұрат Бәпи Абай облысындағы мектеп директоры мұғалімдеріне сарай мен монша салдырған Forbes әлемдік рейтиңінде қанша Қазақстан миллиардері жүргені анықталды Таиландта жұмыс істейтін Қазақстан азаматы жантүршігерлік жол апатынан қаза болды «Тіктіріп үлгермей жатырмын»: Гүлзира Айдарбекова ұлының сахнада костюмін сыйлап жібере беретінін айтты «Түнімен тігіп едім»: Түркиядағы митингке байланысты Динара Сәтжанның той көйлегі жете алмай қалды Астанада әкімдік жанындағы саябақтан Назарбаевтың суреттері алып тасталды «Күйеуге шыққанда қоямын»: Назым Қызайбай тұрмыс құрғасын боксты қоятынын айтты Екі жақты татуластыруға тыраштанып жүрген Трамп Ресей мен Украина президенттерінен көңілі қалғанын айтты Елімізде алдағы күндері ауа райы +35 градусқа дейін ыстық болмақ Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты «Qoslike» бағдарламасының жүргізушісі ұзатуында өзіне тілек айтып, халықтан сөз естіді (ВИДЕО) Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады «Chanel, Dolce & Gabbana және Prada»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті