Паралимпиада-2024: Бүгін Қазақстан құрамасынан кімдер сайысқа түседі

01.09.2024, 09:50
1048
Паралимпиада-2024: Бүгін Қазақстан құрамасынан кімдер сайысқа түседі olympic.kz

Бүгін Паралимпиадада қазақстандық спортшылар қай уақытта сынға түсетіні белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін, 1 қыркүйекте Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар үш сайыс түрінен жарыс жолына шығады.

Алдымен пара нысана көздеуден Еркін Ғаббасов сағат 12:30-да сайысқа түседі.

Ол 31 тамызда финалда R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен отандасымыз 247.7 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды.

Одан кейін пара жүзуде Зульфия Ғабидуллина 13:47-де ел намысын қорғайды.

Ал 23:00-де пара үстел теннисінен Әли Мақұлбеков жарыс жолына шығады. Қарсыласы - Марк Ледо.

Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды.

Дүбірлі дода 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Еске салсақ, Қазақстан пара спортшылары бұған дейін Паралимпиада ойындарында 2 алтын, 4 күміс, 1 қола медальды олжалаған болатын.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды