Ұлттық ұлан жауынгерінің пойызда соққыға жығылуы: Тоқаев қылмыскерлерді шұғыл түрде ұстауды тапсырды

25.09.2024, 11:49
814
Ұлттық ұлан жауынгерінің пойызда соққыға жығылуы: Тоқаев қылмыскерлерді шұғыл түрде ұстауды тапсырды Aqorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ұлан сарбазын соққыға жыққандарды ұстау үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, аталған мәлімдеме туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жеткізді.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ұлан сарбазының пойыз вестибюльінде белгісіз біреулердің соққыға жығуы туралы бейнежазбаны қарап шықты. Ол ішкі істер министрі Ержан Сәденовке шабуыл жасағандарды ішкі заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тарту үшін оларды ұстау бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды", — деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Ол әскердегі және басқа да құқық қорғау органдарындағы зорлық-зомбылық фактілерінің барлығы Тоқаевқа хабарланғанын айтты.

Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан сарбазының соққыға жығылғанына қатысты мәлімдеме жасады.

Министрлік мәліметінше, оқиға 2023 жылдың күзінде, сарбаздар әскери борышын өтеп үйлеріне қайтып бара жатқан кезде болған.

"Оқиғаға қатысы бар адамдардың барлығы, атап айтқанда, куәгер, жәбірленуші және күдіктілер анықталды", –деп хабарлады ІІМ.

Сондай-ақ полиция тергеу барысы ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің жеке бақылауында екенін айтты.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)