Пәк қызға үйленбесем достарым араласпай кетеді – Қуат Хамитов

Аиса Махамбет Редактор
07.10.2024, 13:06
788
Пәк қызға үйленбесем достарым араласпай кетеді – Қуат Хамитов бейнежазбадан алынған кадр

Қуат Хамитов: «Ондайға жігіттер жоламауға тиіс».

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, болашақ жарына қатысты талаптарынан соң сынға ұшыраған қазақстандық ММА шебері Қуат Хамитов бұл мәселеге қатысты тағы пікір білдірді.

Ол Вестник MMA YouTube арнасына берген сұхбатында әйелдікке пәк қыз алу ойы бар екенін айтты.

«Біз жақта жігіттер тәрбие көрген, көше көрген. Тіпті, неке түнінен кейін ақжайманы іліп қоятын салт-дәстүр бар. Жерлестеріміздің бірі пәк қызға үйленбесе, біз онымен араласпай қоятынбыз. Өйткені ол жігітке лайықсыз іс-әрекет жасады. Біз осылай тәрбиелендік. Әйел – ер адамның ар-намысы, бет-бейнесі. Сол себепті мен әлі де болса өз ойымнан айныған жоқпын, айнымаймын да. Мені жек көріп, балағаттайтындарға, жас қыздар мен ата-аналарға айтарым: ұл-қыздарыңызды арлы, пәк етіп тәрбиелеңіздер. Олар өздерінің іс-әрекетіне жауап бере алатындай болуы керек. Бұл –«жақсы қыз» бен «жаман қыздың» айырмашылығын көрсететін дүние», – дейді Қуат Хамитов.

Ол неге біз жаңа әйел алмауымыз керек? Әйел – су жаңа көлік пен киім-кешектен әлдеқайда бағалы. Сол себепті, адамдарға ұнасын-ұнамасын, бұл қалыпты нәрсе деп отыр.

«Исламда ер адамдарға да әйеліне пәк күйінде бару керегін айтады. Ондайға жігіттер жоламауға тиіс. Өйткені бұл сенің ұрпағыңа әсер етеді. Егер еркек әр әйелге барса түрлі ауру жұқтырады. Ондай инфекциямен туған бала ауру болып дүниеге келеді. Сондықтан абай болу керек», – дейді спортшы.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды