832

Қаржы министрлігі мамандары қаржыдан қысылып жүр ме

Қандай да бір мемлекеттік жобаны жүзеге асыру үшін Қаржы министрлігін айналып өту мүмкін емес. Шаруаны тындыруға қаражат неге жетпей жатады десек, Қаржы министрлігі басқармаларының басшылары қазынаның қаржысын дұрыс реттей алмай жатқанға ұқсайды. Тіпті, өздері пара алып, қаржыдан қысылып жүргендей.

Қаржы министрлігі мамандары қаржыдан қысылып жүр ме
zakon.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында Алматы және Астана қаласында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Қаржы министрлігі басқармалары басшыларының жымысқы әрекеті әшкереленгенін мәлімдеді.

«Олар бір кәсіпорынға 570 миллион теңге көлемінде салықты толық сомаға азайтуға жататын негізсіз қосымша есептеу туралы ақпаратқа қол жеткізе отырып, делдал арқылы осы фирманың өкіліне жүгініп, одан ақшалай сыйақы талап етті деген күдікке ілікті. Лауазымды тұлғалар мәселені шешу сылтауымен оның 68 миллион теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденді. Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары мен делдал қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Соттың санкциясынан күдіктілер электронды білезік салынып, үй қамаққа алынды», - деді ол.

Материал авторы