«Тергеу деректерін жасырмай, жариялау керек»: депутат Шерзаттың өліміне қатысты тергеудегі құпияларды айтты

10.10.2024, 09:55
950
«Тергеу деректерін жасырмай, жариялау керек»: депутат Шерзаттың өліміне қатысты тергеудегі құпияларды айтты коллаж smartnews.kz

Депутат Абзал Құспан «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу» туралы бапқа өзгеріс енгізу керегін ұсынды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мәжіліс депутаты Абзал Құспан қылмыстық кодекстің 201-бабын (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) өзгерту керек деп есептейді. Бұл қажеттілік оның сөзінше, Талғардағы жасөспірімнің өлімінен кейін айқын сезілген.

 

– СССР кезінде бізде құқық қорғау органдарының билігі НКВД-дан бастап күшті болды. Мысалы, шетелде кез келген осындай қоғамдық резонанс туғызған істер бойынша мейлі, ФБР бола ма, полиция бола ма – сол сәттен бастап есеп беріп отырады. Іс қалай болып жатыр? Кімді қамады? Кімді қамамады? Не үшін қамамады? Осындай сұрақтарға жауап береді. Бізге осындай мәселеде ашықтық керек, – дейді ол.

Абзал Құспанның айтуынша, Мәжілісте осыған байланысты өзгерістер – 201-бапты қайтадан қарау туралы мәселе қаралып жатыр.

– Әлбетте, құпиялылық грифі сақталатын жеке істер бар. Мысалы ұлттық қауіпсіздік, кәмелетке толмаған балаларға қатысты, отбасылық құпияны сақтауға байланысты істер болады. Бірақ осының шегін белгілеу керек. Ал бізде қазір біз келген тергеуші, учаскелік полиция ауылда тауық ұрланса да, “тергеудің құпиясы” деп жауап беруден бас тартады. Ауылдың бәрі тауықты кім қашан ұрланғанын біліп отырады. Сол себепті осы мәселе қайта қаралуы керек деп есептеймін, – дейді ол.

Ал оның әріптесі Нартай Аралбайұлы бас прокурор Берік Асыловқа, ішкі істер министрі Ержан Сәденовке және оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа депутаттық сауал жолдап, 16 жасар азаматты өлтірген, жақындарын аяусыз сабаған қылмыскерлер қамауға алынып, оларға заңға сәйкес әділ жаза берілуі тиіс деп мәселе көтерді.

Депутат аталған іс бойынша барлық құқық қорғау органдары тізе қосып, оқиғаның заңды құқықтық бағасын тез арада беруі қажет дей келе, білім беру ұйымдарында «Құқық негіздері» атты пән барын, бірақ оның сапасына қатысты сын көптігін айтады. Аталған пәннің бағдарламасын қайта жасап, балалар өмірде бетпе-бет келетін жайттар мен өмірден алынған нақты кейстерге сүйеніп оқыту керек дйді ол.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды