«Интернет ұстамай тұр»: Қарақат Әбден ауылдағы проблемаларды жіпке тізді

16.10.2024, 15:11
732
«Интернет ұстамай тұр»: Қарақат Әбден ауылдағы проблемаларды жіпке тізді коллаж smartnews.kz

Ол өзінің депутаттық сауалында ауылды дамытуға мемлекет тарапынан жыл сайын көп қаражат бөлінетінін, десе де жол сапасы мен интернет қолжетімсіздігі шешілмей тұрғанын жеткізді.

«2019 жылдан бастап бұл бағытта қаржы алты есе көп бөлінген, яғни сол кезде 29 млрд теңге бөлінсе, биыл 194 млрд теңге бөлінген! Бұл өте жақсы көрсеткіш, осындай қолдаудың көмегімен ауыл тіршілігін түбегейлі өзгертуге болар еді. Мемлекет зор қолдау көрсетсе де, іс жүзінде не көріп отырмыз? Қаражат игерілмейді, мерзімдер бұзылуда, жобалар сапасыз орындалып жатыр. Мұның бір үлкен себебі бар – көбінесе аудан басшыларының кәсіби біліктігінің төмендігі және жұмысқа ұйытқы бола алмауы, - дедідепутат.

Ол өңірлерді аралап жүргенде белсенділік танытпай, мәселені шешуге атүсті қарайтын аудан әкімдерін жолықтырғанын жасырмады.

«Мысал ретінде облыстардағы ауыл мектептерін алайық. Күрделі жөндеуге бюджет қаражаты аз болуы мүмкін, бірақ бұл мектеп ауласының жиналмай жатуына, оны қалай болса солай ұстауға сылтау емес. Қоршауларды бояп, ағаштарды ағарту, гүл отырғызу үшін көп ақша керек пе? Мұны тұрғындардың, оқушылардың, ата-аналар мен мұғалімдердің күшімен де жасауға болады. Еңбек терапия деген ұғымды ұмытпайық, - деді ол.

Депутат аудандық әкімдіктердің тарапынан жобалардың іске асырылуын бақылауды күшейтіп, аудан әкімдерінің жеке жауапкершілігін арттыруды, әр өңірдің мықты тұстары мен әлсіз тұстарын ескеріп, аудандарды дамыту стратегияларын әзірлеуді, аудан әкімдерінің есептерін жылына екі рет тыңдап, жұмыс тиімділігін бағалауды ұсынды.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды