Қанша астық Қытай асты?

23.10.2024, 11:23
697
Қанша астық Қытай асты? depositphotos.com

Былтыр Қытайға жалпы астық экспорты 1,43 млн тоннаны құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 5,5 есеге өскен. Оның ішінде бидайдың үлесі - 538,8 мың тонна, алдыңғы көрсеткіштен 15 есе артық. Бұл – Қытайға экспорт көлемін 1,6 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Дегенмен, Қытай шекарасындағы кідірістер мен лицензиялау шарттары әлі де шешуді талап ететінін атап өткен жөн.

Бұл туралы Үкімет отырысында Cауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты.

«Қазақстанның 2024 жылға арналған астық дақылдары бойынша экспорттық әлеуеті 12 млн тонна, оның ішінде 7-7,5 млн тонна – бидай, 1,3-1,4 млн тонна – арпа, 300 мың тонна – жүгері. Сонымен қатар, майлы дақылдар бойынша әлеует 1 млн тоннадан асады. Орталық Азия мен Ауғанстанға 4,2 млн тонна бидай жеткізіледі деп күтілуде. - деді вице-министр.

Оның айтуынша, жаһандық сұраныстың артуы және өнімділіктің төмендеуіне байланысты Италия, Латвия, Испания сияқты ЕО елдері маңызды нарықтар болып отыр. Қазақстан үшін бидайды Ресей арқылы транзиттеу және Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша шығындарды азайту өзекті. Осы бағыт арқылы Түркия мен ТаяуШығысқа шамамен 1 млн тонна бидай экспорттауға мүмкіндік бар.

«Иранға арпа жеткізуді қалпына келтіру маңызды, сауда және логистика мәселелері шешілуде. Пәкістан, Индонезия, Бразилия және Малайзия нарықтарында қазақстандық бидай брендін ілгерілету жұмыстары жандандырылады. Азық-түлік корпорациясымен бірлесе отырып, экспорттық логистика мен бағалар көрсетілген елдік ұсыныстар әзірленді. Бұл ұсыныстар Қазақстанның 14 тұрақты өкілдігіне жіберіліп, белсенді түрде жұмыс жүргізілуде. Арменияға 600 мың тонна, Италияға 1 млн тонна бидай жөнелту туралы келіссөздер жасалып жатыр. Сонымен қатар, Солтүстік Африка елдеріне 200 мың тонна экспорт бойынша келісімдер жүргізілуде», - деді Қайрат Төребаев.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды