Полиция тергеуде қашып кеткен қылмыскерді дронмен іздеген: Қашқынның видеосы тарады (ВИДЕО)
Талғарда тергеу изоляторынан қашып кеткен күдіктіні полицейлер дронның көмегімен тапқан.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ТЖМ қашқынның ұсталғанға дейінгі соңғы 5 минутының видеосын жариялады.
Жиен қарындасын зорлады деген күдікті айдалада ағаштар арасында жүгіріп жүргенін байқауға болады. Осының бәрін құзырлы органдар дронмен бақылап, көзден таса боп кетпеуін қадағалаған. Әрі қарай оны топ болып ұстайды.
Еске салсақ, бұған дейін Талғарда зорлау оқиғасы бойынша күдікті изолятордан қашып кеткені айтылды. Кейін ол туралы толық ақпарат шығып, аты-жөні, жасы, мекенжайы көрсетілді. 25 қазанда қашқын ұсталды.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор