«Дертке шалдықса да, тоқтамады»: белгілі кәсіпкер, кондитер Дана Қанапина өмірден өтті

Аиса Махамбет Редактор
02.11.2024, 10:49
5439
«Дертке шалдықса да, тоқтамады»: белгілі кәсіпкер, кондитер Дана Қанапина өмірден өтті жеке мұрағатынан

Астанадағы аса танымал «La Creme», «Delish», « Pâté» кондитерлік дүкендер желісінің басшысы Дана Қанапина бақилық болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Дана Қанапина кондитерлік өнердің шебері ретінде ғана емес, сонымен қатар бизнеске деген көзқарасымен және жергілікті аспаздық мәдениетін дамытуға тырысып жүретін. Ол кәсіпті күйеуі Асқар Қанапинмен бірге жүргізген еді.

Қаралы хабарды журналист Динара Сәтжан жеткізді. 

"Қара суық хабар келді. Белгілі кәсіпкер @danakanapina өмірден өтті… Қазанның басында әңгімелескенбіз. Жаман аурумен ауырса да, бизнесті тоқтамай жүргізді. @la_creme_astana @delish.astana @pate.pirogi бұның бәрі Дананың туындысы. Оның іскерлік тарихы мені әрқашан таң қалдырды. Бірнеше жыл бұрын Хайвиллде шағын кондитерлік цех ашқан. Қысқа мерзімде үлкен желіні жасай алды. Дана еңбекқор еді! Сонымен қатар өте қарапайым адам. Отбасына шын жүректен көңіл айтамын. Иманы серік болсын!" – деп жазды Динара Сәтжан.

Кейін марқұмның желідегі парақшасында өлімі туралы ақпарат пайда болды. Онда Дана Қанапинаның жерлеу рәсімі 3 қарашада Астанада өтетіні жазылған.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды