Жастар қашанғы пәтер жалдап, қаңғып жүреді?

06.11.2024, 12:39
907
Жастар қашанғы пәтер жалдап, қаңғып жүреді? коллаж smartnews.kz

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойып, жастардың жас шегі 29 жастан 35 жасқа дейін ұлғайтылғаны белгілі. Бұл – жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға әсер етіп, баспана сияқты мәселелерді шешуге мүмкіндік бермек.

Үміт һәм үрей

Әу баста жастар «мұндай өзгерістің не керегі бар?» деп жаңашылдыққа атүсті қарағаны рас. Кезекті өзгерістің бірі деп қабылдап, қолды бір сілтегендер де болды.

Жаңа заң жобасында «жастарға тұрғын үйді жеңілдікпен жалға беру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейтуге бағытталған түзетулер көзделген. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік стратегиялық жоспарлау құжаттарына, оның ішінде аймақтарды дамыту бағдарламаларына жастармен жұмыс бойынша нақты индикаторлар, бағалау критерийлері және күтілетін нәтижелер енгізіледі» дегенді естіген жастардың баспана алуға деген үміт оты қайта жанып, жаңа бағдарламаларды, жаңа өзгерістерді күтіп отырғаны белгілі.

Аядай ғана пәтер жеңілдікпен жалға берілсе де оның өзі әжептәуір көмек. Әйтпесе, тапқан табысын жалдамалы пәтерақысына төлеп, үй сатып алуға қаражат жинай алмай жүргендер қаншама?!

Рас, жастардың жанды жерібаспана мәселесі. Осы уақытқа дейін баспана үлестіру бойынша қабылданған бағдарламалар мәселені түпкілікті шеше алмай келеді. «Мемлекеттік бағдарламамен үй алдым» деген жас отбасының қуанышының ар жағында үрей бары анық. Ол – денсаулығым сыр бермей, жұмысым тұрақты болып, 25-30 жыл ішінде ипотеканы төлеп құтылсам деген қорқыныш. Қай бағдарламаны алып қарасаңыз да, өміріңнің жартысын ұрлайтын, алаңсыз ұйқыдан айыратын, дүкендегі кір сабынның бағасына дейін назар аудартатын саясатқа құрылған. Бұлбаспаналы болдым деген жастардың басындағы әңгіме. Осыдан кейін үй-күйсіз жүрген жастардың тағдыры айтпаса да түсінікті шығар.

Тиімді бағдарлама қажет

Бағдарламалардың әлегі бір бөлек, үй алуға жұмыссыздық мәселесі, табыстың төмендігі, несие тарихының бұзылуы сияқты факторлар да кедергі келтіріп отыр. «Төлей алмаса, несиені несіне алады?» деп кінә арта алмайсыз. Тұрмыстың тауқыметін тартқаннан алады да. Әйтпесе, табысы шығындарын жауып, келесі айдың жалақысына дейін жетіп артылса, банктің табалдырығын тоздырып несі бар?! Мұны айтып отырғанымыз, мемлекет қанша жерден бағдарлама қабылдағанымен, оған қатысуға жалақысы төмен, несие тарихы нашар жастарға мүмкіндік аз. Банктер маңына да жолатпайды. Ал мұндай санаттағы жастар көп. Ауылдағы жастар былай тұрсын, облыс орталығында «тәуір қызмет істеп жүр» деген қыз-жігіттердің өзі баспана алудың талаптарына сай келмейді. Әкімдіктің айналасында жұмыс істейді деген жастардың бәрі бірдей баспаналы бола алады дей алмаспыз. Мемлекетке масыл болып, жастарға тегін үй бер деуден аулақпыз. Жастардың сұрайтыны – баға тұрақтылығы, жеңілдетілген жалдамалы пәтер, мемлекеттің қолжетімді баспана салып беруі. Жастар жаңа заңның қабылдануы бұл түйткілдердің тарқатылуына сеп болатынына сенімді.

Жасыратыны жоқ, жастардың бар сенері – мемлекеттік бағдарламалар. Әйтпесе, қазіргі нарық заманында үй алудың басқа тетігі жоқ сияқты. Мал құнсызданып кетті. Яғни ауылдағы әке-шешеңнің асырап отырған малына көз аларта алмайсың. Жайылым тапшы, шөп бағасы қымбат, ауылдағылар баласына үй сатып әперу былай тұрсын, азын-аулақ малын күнкөріс есебінде ұстап отырғаны мәлім. Несие алудың машақатын жоғарыда айттық. Жалақының түрі мынау. Бай туысыңның өзі қарызға бес мың теңгені қиналып беретіндіктен, «ол жақтан» үй алуға көмек болатынына сенім аз.

Адам өзі қай мәселеге бас ауыртса, сол саланың маманы болып шығатынын аңғармай қалады екен. Қаржылық сауаты артқан тұрғындар банкада ақша сақтағаннан гөрі банкте сақтаған тиімді екеніне көз жеткізе бастады. Сақтағаннан не пайда? Үй бағасы жылдан-жылға өсіп жатыр. Қажетті соманы жинап үлгермейсің.

Қысқасы, мемлекет жастардың баспаналы болуы үшін тиімді бағдарлама әзірлемесе, қоғамда жұмыссыздық, ажырасу, заң бұзушылық секілді кеселдер белең алып, елдің дамуына кері әсерін тигізбей қоймайтыны анық.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген