«Көңіліме қаяу түскелі 2 жыл өтті»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын есіне алды

Аиса Махамбет Редактор
07.11.2024, 13:31
3938
«Көңіліме қаяу түскелі 2 жыл өтті»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын есіне алды жеке мұрағатынан

Ләйлә Сұлтанқызы осыдан тура екі жыл бұрын қайтыс болған марқұм жолдасын есіне алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2022 жылы "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті Қайрат Беркінбаев қайтыс болған еді. 

“Алланың алдында дәрменсіздігімізді мойындағанымыздың арқасында сынаққа сынбай, жер басып жүргендейміз. Көңіліме қаяу түскелі тура 2 жыл. Балаларымыздың алдында жылап, әлсіздігімді көрсете бермеймін, көрсеткім де келмейді… Бірақ осы уақытқа дейін іштей біраз дүниені түсіндім. Бүгін Қайрекеме құран бағыштап, ниет етіп жатырмыз”, – деп жазды медиа маманы. 

Еске салайық, "Үшінші баланың анасы атанып үлгермедім" деп Ләйлә Сұлтанқызы өмірдегі өкінішін жеткізген еді. 

“Мен ұлдарымның қарындасы болғанын қаладым. Жасыма байланысты табиғи жолмен жүкті бола алмайтынымды түсініп, экоға жүгінбек болдық. Қайрат екеуіміз ұзақ уақыт дайындалып, емделдік. Қазан айында мен соңғы анализмді қолыма алғанда дәрігерлер менде бәрі жақсы екенін, келесі айда күйеуіммен келе алатынымды айтты. Қарашаның алтысы күні Қайрат өмірден өтті. Біз үлгермедік, үшінші баланың анасы атанып үлгермедім. Менің өмірімдегі ең үлкен өкініш осы”, – деген еді Ләйлә көз жасына ерік беріп. 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады