Жетім балаларға дұрыс көңіл бөлініп отырған жоқ – Шиповских

07.11.2024, 15:08
2738
Жетім балаларға дұрыс көңіл бөлініп отырған жоқ – Шиповских коллаж smartnews.kz

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Геннадий Шиповских мемлекет тұрғын үй, білім алу және жұмысқа орналасу кезінде жетім балаларға жеткілікті түрде қолдау жасай алмай жатқанын айтты.

Сенатордың сөзінше, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаға қарамастан, жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар әлі де күрделі мәселелерден арыла қойған жоқ.

Жетім балаларға баспана алуға жеңілдік қарастырылған, алайда статистика көрсеткендей, кәмелетке толғандардың бәріне бірдей баспана беріле бермейді. 2022 жылы кезекте тұрған 61 471 жетімнің 852-сі ғана баспана алды, ал 2023 жылы 62 290 мұқтаж адамның 809-ы ғана тұрғын үйге ие болды.

«Шешуші мәселе – жұмыспен қамтудың шешімін табу болмақ. Өкінішке қарай, қазір орта мектепті бітірген жетім балалардың жұмысқа орналасу көрсеткіші көңіл көншітпейді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, биыл мансап орталықтарының квотасы аясында барлығы 4 275 адам жұмысқа орналасты, оның 85-сі ғана жетімдер. Жастар арасында жұмыспен қамту шараларымен 188 663 адамқамтылса, оның небәрі 56-сы ғана жетім балалар.

Бұл мәселені көтеру себебім, өзім де ата-анадан ерте айырылып, балалар үйінің тәрбиесін көрдім және бұл мәселелерді іштенбілемін десем артық болмас. Ондағы достарымызбен осы күнге дейін араласып тұрамыз.

Онымен қоса, менің атыма жетім азаматтардан көптеген өтініш келіп түседі, олардың басым бөлігі жоғарыда айтылғандай баспана алу мен жұмысқа орналасуға қатысты», - дедіГеннадий Шиповских. 

Депутат Премьер-Министрге кәмелетке толған жетім балаларға тұрғын үйді күту мерзімін қысқартатын арнайы бағдарлама әзірлеуді, сондай-ақ оқуын аяқтағаннан кейіноларды жұмысқа орналастыру үшін дербес бағдарламаны іске қосуды ұсынды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді