Ерте қамдану еріккеннің ермегі емес: Су тасқынына дайындық пысықталды

07.11.2024, 17:12
673
Ерте қамдану еріккеннің ермегі емес: Су тасқынына дайындық пысықталды коллаж smartnews.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті министрлер мен өңір әкімдерінің қатысуымен 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Басты міндет – су тасқынына дайындықты қамтамасыз ету және халық пен инфрақұрылымға қауіп-қатерді азайту.

Гидрологиялық болжамдарға сәйкес, қыста температура режимі климаттық норма шегінде болып, жауын-шашын мөлшері көпжылдық нормадан асады деп күтіліп отыр. 2025 жылғы су тасқыны кезеңін болжауды жақсарту мақсатында «Қазгидромет» РМК су басу қаупі басым өзен учаскелерінде 31 деңгейлі гидрологиялық бекет ұйымдастырылып, ашылды.

Бүгінгі таңда 377 гидрологиялық бекет, 25 қар өлшеуіш маршрут және 347 метеорологиялық станса жұмыс істейді. 9 облыста коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылыстарды күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету бойынша мамандандырылған ұйымдар құрылды.

Өзендер үшін «HBV» және «SWIM» сандық модельдерін бейімдеу бойынша жұмыстар жалғасуда, бұл алдағы су тасқыны кезеңінде су басу қаупі бар аймақтарды анықтау мүмкіндігімен судың күтілетін ең жоғары деңгейін көрсете отырып, гидрологиялық болжам жасауға мүмкіндік береді.

Олжас Бектенов жергілікті жерлердегі жұмыс қарқынын сынға алып, олар тиісті деңгейде жүргізілмей жатқан өңірлердегі инфрақұрылым мен гидротехникалық құрылыстарды дайындау бойынша алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды. Премьер-министр мұндай тәсілге жол беруге болмайтынын атап өтті. Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарының әкімдеріне бір ай мерзімде жоспарланған шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Өңір әкімдері қысқа мерзімде су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыру бойынша барлық кешенді шараларды қабылдауы тиіс. Ең алдымен, су бұру арналарының, арықтар мен дренаж жүйелерінің дайындығын қамтамасыз ету қажет. Тасқын қаупі бар елді мекендер маңына топырақ бөгеттер тұрғызылып, үлкен судың келуінен қорғалуы тиіс», - деді Олжас Бектенов.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады