Еуропаның ізгі іздері: Қазақстанда қалдықтарды өңдеу мен тұрақты дамуға бастайтын жолдар

11.11.2024, 17:08
254
Еуропаның ізгі іздері: Қазақстанда қалдықтарды өңдеу мен тұрақты дамуға бастайтын жолдар Әмина Әзербай

Ерслан Есенгелдіұлы - экология саласының білікті маманы, екі магистр дәрежесінің иегері және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экология мамандығының докторанты. Erasmus бағдарламасы бойынша бір магистрлік оқуы Францияда өткен.

Ол сұқбат барысында Қазақстандағы экологиялық жағдайды, табиғатты қорғауға қатысты қиындықтар мен мүмкіндіктерді, сонымен қатар, тұрақты дамуға көшу жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, Ерслан мырза Қазақстанның қоқыс сұрыптау, ормандарды сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы мәселелері мен жетістіктеріне өз бағасын береді.

Қазақстандағы экологиялық проблемалардың ішінде ең өзекті мәселе қандай деп ойлайсыз?

- Қазақстанның экологиялық мәселелері көп және олардың ішінде ең өзектілері - Кеңес Одағы құлағаннан кейін қараусыз қалған өндірістік аймақтар мен климаттың өзгеруіне дайын болмау. Кеңес Одағы құлағаннан кейін көптеген өндіріс орталықтары жабылып, иесіз қалды, ал бұл жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары әлі күнге дейін дұрыс жолға қойылмаған. Мұндай қалдықтарды рекультивациялау – міндетті іс, себебі олар жерге және ауаға зиянды заттарды қалдырады.

Екінші өзекті мәселе – климаттың өзгеруі мен оның салдарларына дайындықтың болмауы. Қазақстан климат өзгерісінің нақты әсерін сезіне бастады. Бізде су тапшылығы, шөлейттену процесі жүріп жатыр, Арал теңізінің тартылуы сияқты күрделі проблемалар күн тәртібінде тұр. Сонымен қатар, жылдан-жылға антропогендік факторлардың артуы табиғат ресурстарын шамадан тыс пайдалануға әкелуде. Өкінішке қарай, көп жағдайда экологиялық және қаржылық шығындарды ескермейміз. Мысалы, бізде қышқыл жаңбырлардан кейін ғимараттардың төбесі, көліктердің темірі коррозияға ұшырауы мүмкін, бірақ халық әлі күнге дейін мұны күнделікті өмірдің бір бөлігі ретінде қабылдап, экологияның әсеріне аса мән бермей келеді.

Фото: сұқбат барысынан

Қазақстанда тұрақты даму қалай жүзеге асырылуда?

– Тұрақты даму – бұл пирамида сияқты құрылым. Экологиялық, экономикалық және әлеуметтік аспектілер үйлесуі тиіс. Қазақстан жаһандық конвенцияларға қол қою арқылы тұрақты даму жолына түсуге әрекет етуде. Мысалы 1992 жылы Қазақстан Тұрақты даму жолына бет бұру туралы конвенцияға қол қойды. Содан бері парниктік газдарға да қарсы СО2 квоталау бойынша халықаралық протоколдар да бар. Өз кезегінде мемлекет тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда ірі кәсіпорындарды халықаралық стандарттарға сай болуға міндеттеуде. «Карбон зиро» деп аталатын жобалар да осы бағытта қолға алынуда. Бұл жобалар бойынша, егер металл өндіруші кәсіпорындар экологиялық стандарттарды сақтамаса, олар қосымша салық төлеуге мәжбүр болады.

Дегенмен, Қазақстанға дамушы ел ретінде тұрақты даму оңайға соқпайды. Себебі әлеуметтік-экономикалық мәселелер, қаржылық ресурстардың жетіспеушілігі мен өндірістік саланың үлесі экологияға кері әсерін тигізуде. Алайда Қазақстанның тұрақты дамуға көшуге деген ұмтылысы жоғары және мемлекет осы бағыттағы іс-шараларға қолдау көрсетіп келеді.

Қалдықтарды өңдеу және қайта пайдалану туралы пікіріңіз қандай?

Францияда өткізген уақытымда қалдықтарды өңдеудің неғұрлым тиімді және жүйелі екенін байқадым. Бұл тәжірибе Қазақстанға да пайдалы болуы мүмкін деп ойлаймын. Еуропада қалдықтар нағыз ресурс ретінде қарастырылады. Мысалы 20 пластик бөтелкеден бір футболка шығаруға болады. Францияда қалдықтарды өңдеудің иерархиясы бар және әрбір аймақта арнайы қалдық өңдеу орындары бар. Әрбір тұрғын қоқысты міндетті түрде сұрыптайды, себебі дұрыс сұрыпталмаған қоқыс үшін айыппұл салынады. Осыған ұқсас жүйені Қазақстанға да енгізу керек. Қоқысты өңдеу мәдениетін қалыптастыру үшін бізге де халықты осыған бейімдеу маңызды.

Мысалы, Еуропадағы қалдық өңдеу орындарында алдымен қоқыстың ауыр металдарын, шыны мен пластикті магниттер арқылы ажыратып алады, содан кейін қағаздарды сұрыптайды. Қазақстанда қоқысты сұрыптау мәдениеті әлі де қалыптасып жатқандықтан, халық бұл процесті ойланбастан бейсаналы түрде орындай алуы керек. Кейде болады ғой қолыңда қоқыс ал сен оны қайсы түсті жәшікке саларыңды білмейсің. Біз осыдан өсуіміз қажет.

Қоқысты автоматты түрде дұрыс сұрыптау деңгейіне қашан жетеміз деп ойлайсыз?

-Қазақстанның аумағы өте үлкен, сондықтан қалалардан шалғай орналасқан елді мекендерде қоқысты жинау мен сұрыптау қиынға түседі. Қалаған жерге қоқысты лақтыру осы ауқымды аймақтың тағы бір мәселесі. Дегенмен, егер қоқысты дұрыс сұрыптайтындарға жеңілдіктер ұсынып, бұл мәдениетті қолдасақ, 5-10 жыл ішінде нәтижеге қол жеткізе аламыз деп ойлаймын. Green City сияқты жобаларды дамыту арқылы тұрғындар арасында қоқысты сұрыптауға ынталандыруға болады. Бастысы - қоқысты сұрыптаудың маңызын көрсету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Ормандар мен жасыл желектерді сақтап қалу үшін не істеуіміз керек?

- Қазақстанның орманды жерлері өте аз, яғни тек 4%-ды құрайды. Сондықтан жасыл желектерді көбейту жұмыстары аса маңызды. Солтүстік және Шығыс Қазақстанда орманды аймақтар бар, бірақ олар жеткіліксіз. Қазіргі таңда «Зеленый мост» сияқты қаланы ағашпен қоршау бар. Бірақ, өкінішке қарай, отырғызылған ағаштардың тек аз ғана бөлігі тірі қалады, қалғаны келесі жылы қайтадан қурап қалады. Бұл мәселені шешу үшін ғалым мен мамандардың қатысуы керек деп ойлаймын. Мысалы, ағаштардың толық шығуы үшін топырақтың дұрыс өңделуі қажет. Орман отырғызылған аймақтағы экожүйені жақсарту үшін ағаштардың әртүрлі түрлерін таңдап, оларды дұрыс отырғызу керек.

Ормандар мен жасыл желектер экожүйені тұрақтандыруға, ылғал сақтауға, шаң мен шуды азайтуға, қалалардағы ауа сапасын жақсартуға көмектеседі. Қарағайлар СО2-ны жақсы жұтып, ауаны тазартады. Сонымен қатар, жасыл желектер көлік шудан қорғайтын табиғи тосқауыл ретінде де маңызды рөл атқарады. Осының маңызын ескере отырып ағаштарды көптеп егу керек деген ой айтқөым келеді.

Табиғи қорларды дұрыс пайдалану үшін қандай өзгерістер қажет деп ойлайсыз?

- Табиғи қорларды сақтауға жануарлар дүниесін қорғау да кіреді. Мысалы Тәжікстанда арқарлардың жойылып бара жатқан түрлерін қорғау шараларының арқасында олардың саны артты. Жергілікті тұрғындарға аңшылықты лицензиялау арқылы кіріс түсуін қамтамасыз етіп, арқарларды қорғауға жағдай жасалды. Яғни, трофейлік аңшылық жасады. Ол үшін еуропалық бизнесмендер мен миллионерлер де көптеп ақша төлем арқарларға аңшылыққа шықты. Соңында аңшы-тұрғындар оларды атқанға қарағанда ақша түсіп отыратыны тиімді екендігін түсінді. Себебі түскен ақшаның 10% зерттеу мен ғылымға, 30% тұрғындарға, ал қалғаны логистика мен туризмге жұмсалып отырған. Бұл дұрыс менеджмент табиғи қорларды қорғауға әсерін тигізді, арқарлар саны артты.

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін қолдану болашағы қандай деп есептейсіз?

- Жаңартылатын энергия көздері – Қазақстан үшін болашақтың негізгі бағыттарының бірі. Ядролық энергетика - қауіпсіз әрі таза энергия көзі деп санаймын. Дамыған елдер атом энергетикасын кеңінен қолданады. Сонымен қатар, сутегі энергетикасы мен жел энергетикасына қолдау көрсетуіміз керек. Оңтүстік Қазақстандағы Мирный қаласында Франция компаниясының бастамасымен үлкен жел энергетикасы жобасы қолға алынды, бұған да үлкен үміт артып отырмыз.

Келесі басым бағыт - гидроэнергия станциялары. Қазір Еуропада биомасса өсіру үлкен тенденцияға айналуда, себебі ол жаңартылатын энергия көзі ретінде тиімді. Мысалы, мискантус сияқты жылдам өсетін өсімдіктерді қолдану арқылы энергия өндірісін қамтамасыз етуге болады. Мисткантус жылына 2-3 метрге дейір өседі, күз мезгілінде кесіп отырады. Салыстырмалы түрде қарапайым ағаш 25 жылдай өседі ғой бұл биіктікке. Осы мискантустан түрлі материал және ең пайдалысы пелеттер яғни құрғақ целлюлоза да жасай аламыз. Пелеттер көмірдің жаңғыштығымен бірдей болғандықтан көмірдің орнына қолдана аламыз.

Жастарға экологияға қатысты білім берудің қандай жолдары бар?

Экологиялық мәдениет балалық шақтан қалыптасуы керек. Францияда зауыттар жергілікті мектептер үшін ашық есік күндерін өткізіп, балаларға қалдықты қайта өңдеу процесін көрсетеді. Қазақстанда да мектептерде экологияға қатысты шараларды ұйымдастыру қажет деп ойлаймын. Эксперттерді шақырып, қоқысты сұрыптау, қалдықтардың зияны, экологиялық тазалықтың маңызы туралы дәрістер берілсе жақсы.

Мысалы, Еуропадағы бір тәжірибе ортақ жайылымдық жер болса, оны бәрі пайдаланады, бірақ ешкім күтпейді. Егер ол жер бір адамның меншігінде болса, ол оған жауапты болады. Бұл «Кім ластаса, сол төлейді» деген принцип. Қазақстанда да осы принципті қолданып, экологияға ұқыпты қарауды насихаттау керек.

Ерслан Есенгелдіұлының пікірі бойынша, Қазақстан экологиялық мәселелерді шешуде, тұрақты даму мен жаңартылатын энергияны енгізуде елеулі қадамдар жасауы қажет. Табиғатты қорғау әр азаматтың міндеті және бұл мәдениетті қалыптастыру экологиялық тұрақтылыққа жетудің басты шарты болып табылады. Экологиялық мәдениет мектептен бастау алып, еліміздің болашағына оң әсерін тигізуге қабілетті. Қазақстан тұрақты даму жолында экологияны қолдай отырып, таза және қауіпсіз орта қалыптастыруға барынша талпынуда.

 

МАТЕРИАЛ АВТОРЫ: ӘМИНА ӘЗЕРБАЙ

Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр? Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты «Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО) «3 бастық жабылып ұрып-соғып, жала жапқан»: түрме қызметкеріне бастықтары қорлық көрсетіп келген (ВИДЕО) Біз сенген басшылар инфляцияны қалай тежемек?