«Майқайыңалтын» ісі: Сот қаза болған құтқарушының отбасына берілетін моралдық өтемақыны төрт есе кеміткен

Аиса Махамбет Редактор
14.11.2024, 10:35
450
«Майқайыңалтын» ісі: Сот қаза болған құтқарушының отбасына берілетін моралдық өтемақыны төрт есе кеміткен коллаж smartnews.kz

Марқұмның отбасы мекеме 120 млн теңге моральдық шығынды өтесін деп талап еткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, алтын кенішіндегі ойыққа түсіп қаза болған төрт құтқарушының бірі, марқұм Олег Тышкевичтің туыстарының әрқайсысы жұмыс берушіден 7,5 млн теңгеден алатын болды. Апелляциялық істі қараған Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы осындай шешім шығарды. 

2023 жылдың қаңтарында құтқарушылар отырған автобус алтын кенішіне бара жатқанда апатқа ұшырап, төрт құтқарушының өмірін қиған еді. Қаза тапқан құтқарушылардың туыстары сотқа моральдық зиянның өтемақысын талап етіп, Олег Тышкевичтің анасы, қызы, ұлы және әпкесіне 30 млн теңгеден, жалпы 120 млн теңге сұраған болатын. Екібастұз қалалық соты бұл талапты толық қанағаттандырған еді.

Алайда, жауапкер «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС сот шешіміне қайта қарау өтінішін жасаған.

Сол үшін Павлодар облыстық соты өтемақы мөлшерін азайтып, әр отбасы мүшесіне 7,5 млн теңгеден, жалпы 30 млн теңге төлеу туралы шешім шығарды.

Сот алқасы бұл шешімді ақылға қонымды, әділ және жеткілікті деген критерийлерге сүйеніп қабылдағанын айтты. Соттың шешімі заңды күшіне енді.

MNU Marathon: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды