Мамандық таңдау жолындағы басты қателіктер

14.11.2024, 11:29
319
Мамандық таңдау жолындағы басты қателіктер жеке мұрағатынан

Жас түлектер мамандық таңдағанда неден шалыс баспауы керек? Қазіргі жұмыссыздықпен күресу үшін болашақ маман иелері ҰБТ-ға дайындалғанда, мамандық пен пән таңдағанда қандай критерийлерге назар аударуы шарт?

Мамандық таңдаудың бастауы мектеп қабырғасынан болса, 2023 жылғы түлектер статистика бойынша ҰБТ-да математика бағытын таңдағандардың саны 50%-ды құраған. Физика пәнін таңдағандардың үлесі 20%-30% аралығында болған. Ал, биология-медицина, фармацевтика, экология сияқты салаларға түсушілердің 25%-ы биология пәнін таңдады. Қазақ тілі мен әдебиеті - мемлекеттік тілде білім алуға ұмтылған түлектер арасында жоғары сұранысқа ие. 2023 жылы бұл пәнді таңдағандардың үлесі 15%-20% құраған.

Осыдан екі жыл бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

«Түлектердің 40 пайыздан астамы өз мамандығы бойынша жұмыс таппайды. Жастардың 34 пайызы мамандықты өздері таңдамайды. Осындай жастар оқу бітіргеннен кейін ол сала бойынша жұмысқа тұрмайды, тұра алмайды», - деген еді.

Қазірде ҰБТ-ға оқушыларды даярлау үшін мектеп әкімшілігі мүлдем тер төкпейтінін ескерсек, оқушының мамандық таңдауында ата-аналары мен қоғамдық пікірге құлақ асып, артынша, өкініп жатқан жастар қаншама?! Мұның салдарын елімізде өз мамандығымен жұмыс жасамай жүрген 2 млн жастарымыз туралы жоғарыда вице-министр айтқан екі жыл бұрынғы көрсеткіш дәлелдеп үлгерді.

Сонымен, мамандық таңдау кезінде балалар қандай қателіктерді жиі жібереді? Түлектерге мамандық маңызды ма, әлде таңдау пәні маңызды ма? Бұл сұрақтарға 6 жылдан бері оқушыларды Ұлттық Біріңғай Тестілеуге тынғылықты дайындап, оларға өз болашақ мамандығын дұрыс таңдауға септігін тигізіп жүрген Juz40 мектебінің Астана қаласындағы орталығында тәлімгер, педогог Жақсығали Гүлбақыт жауап берді. Жас педагог тілші Дина Ғалымжанқызына берген сұхбатында мамандық таңдау кезінде көп оқушылардың қандай қателіктерді жіберетініне баса назар аударып, бұл мәселені шешудің жолдарын көрсетті. Ол өз тәжірибесімен бөлісе отырып, биылғы түлектер мен олардың ата-аналарына өз ақыл-кеңесін айта кетті.

Сіздің ойыңызша, мектепте мамандық таңдау үдерісі жеткілікті түрде кәсіби бағдарлау мен дайындықты қамтыған ба? 

- Мойындау керек, көп мектептерде қиындық бар. Себебі, қашан Ұлттық Біріңғай Тестілеудің жауапкершілігін мектеп әкімшілігінен алып тастады, сол кезден бері мектеп ҰБТ-ға балаларды дайындамайды. Бірақ, бұрыңғы жүйені қайта қалыптастырған мектептер де бар. 

Сабақтың соңында мұғалімдер өздері қосымша факультатив сабақтарын береді. Яғни, ол факультатив сабақтарға қатысуы керек деп міндеттейтін мектептер бар, оны мойындау керек. Бірақ, қанша жерден факультатив берілгенімен де балаға мамандық таңдауға ешкім көмектеспейді.

Бізге бала келген кезде қандай мамандық таңдайтынын білмей, алғашқы айда бір мамандық, келесі айда басқа бір таңдау пәніне алмасып жататын балалар болады. Мектепте қазір оқу жүйесі кішкене өзгерді, бөлім бойынша, тоқсан бойынша жиынтық бағалаулар енгізілді, тіпті, кейбір мектептерде физика деген пән немесе география деген пән оқытылмайды екен.

Яғни, бала гуманитар пәнге маманданды демек, есеп шығаратын пәндер болмайды, ары қарай бала 9, 10 сыныпта оқымай, 11 сыныпқа келген кезде физика пәнін таңдағысы келіп қалады. Физика таңдаған кезде оның өткен жылдары оқымаған білімдерінің барлығы бізге келген кезде-жоқ болып көрініп тұрады. Сондықтан, баланы қайтадан оқытуымыз керек болады. Мектептен ҰБТ-ға деген жауапкершіліктен шыққаны әсер етеді, кей мектептерде пәндердің толық оқытылмауы, 9 сыныптан соң бағыттарға тестілеусіз бөлу, сосын, 10-11 сыныпқа келген кезде олардың шешімі өзгергеніне де ешкім мән беріп жатқан жоқ.

Сіз баланы болашақ мамандыққа дайындау кезінде қандай пәндер мен дағдылардың маңыздылығына ерекше назар аударасыз? 

- Бізге келген кезде балалар көбіне «Мен қандай пәнді ұнатамын?» - деген сұрақпен келеді. Мысалы менің бір оқушым биология-химия пәнін оқып жатыр, сабаққа келмегеніне 2 күн болды. Неге? Себебі, таңдау пәнін өзгерткісі келеді екен. Енді мен қазір ол баладан сұрасам, «Неге пәніңді ауыстырғың келеді?» деп, ол маған «Дүниежүзі тарихы-ағылшын пәнінен базам бар» дейді.

Яғни, бала мамандыққа емес, тек пәнге қарап тұр. ҰБТ-ны тапсырып жатқан кезде, маған «Қай пәнді оқып, жетілдіріп алу ыңғайлы? Қазір маған химия ыңғайсыз. Мен оны түсінбей тұрмын, мен химия оқығым келмейді» дейді. «Ал, сен дүниежүзі тарихы-ағылшын пәнін таңдап, сол мамандықты 4 жыл оқып, одан кейін жұмыс жасай аласың ба?» - деген сұрақ қойсам бала ойланып қалады.

Біздегі қиындық осында. Баланың тек икемі келетін пәнді таңдап, бірақ, мамандық таңдай алмай қалуы. Түптің түбінде 4 жыл бір мамандықты оқып, кейін онымен жұмыс жасай алмай қалады. Мысалы, менің өзімде, қазақ тілі-қазақ әдебиеті мұғалімімін. Менде сондай ойдың құрбанымын, өзімнің ҰБТ дайындығы кезінде артық миымды ашытқым келген жоқ. Менің өзімнің қай пәнге ыңғайым болды, соны таңдадым. Бірақ қазір оқушыларымды көрген сайын, неге басқа пән таңдамадым екен деп ойланамын. Қызық пән мен қызық мамандық өте көп.

Менің педогогикалық дипломымды Juz40 оқу орыны құтқарып тұрғандай. Ал, егер Juz40 оқу орыны болмағанда қазір қайда, қандай жерде жүретінімді білмеймін. Мүмкін, мамандықсыз немесе жұмыссыз жүрер ме едім!

Мамандық таңдауда қиналатын балалармен нақты қалай жұмыс жасайсыздар?

- Пәндер бойынша жеке тест тапсырып көреміз. Содан соң, баланы отырғызып тағы ойландырамын. «Сен жұмыс жасағың келе ме? Осы мамандықты оқығың келе ме?» деп сұрап, гранттардың тізімін көрсетіп, «Егер, тек пәннен қиналып тұрсаң өзіңе қысқа дейін дайындалуға мүмкіндік бер» деп көндіруге тырысамын. Ал, егер «Жоқ, мен мамандықты да, пәнді де жақсы көрмеймін» десе, онда таңдау пәнін ауыстырамыз.

Көбіне балаға 1 ай немесе 1 апта уақыт беру керек. Содан кейін бала ойланып өз жауабын айтады. Кейде бала табиғатынан шығармашылыққа жақын екені көрініп тұрса да, ата-ана баласын шығармашылыққа оқытқысы келмейді.

Менің өзімде де сондай болды. «Журналист, актер болғым келеді» деген кезде, «Талантың болып тұрып кастингтен өтсең, актриса, журналист болып кете аласың» деп айтатын кезінде. «Кастингтен өтіп тұрсың ба? Сенің дипломыңа қарамайды. Сондықтан, сені қорғап тұратын бір диплом болуы керек» дейтін. Әлі де сол.

Бір бала келеді, ол - дизайнер болғысы келеді. Бір бала келеді, ол - архитектор болғысы келеді. Бірақ ата-ана оған қарсы. Ондай сәттерде ата-ана мен бала арасында шешім шешілмесе, мен ол жерде ешкім емеспін шешім қабылдап беретін, міне сол жағынан қиындықтар болады. 

Дереккөз: Дина Ғалымжанқызы

Кәсіби бағдарлау жұмысында ата-аналардың рөлі қандай? Олардың болашақ мамандық таңдауына қатысты пікірлері оқушыларға қалай әсер етуі мүмкін және мұғалім ретінде олармен жұмыс істеу тәсіліңіз қандай?    

Біз баланың өміріне мектептен де қаттырақ кіріп кетеміз. Офлайнға қабылданатын балаға «Ертең Juz40 толықтай сенің өміріңде болады» деп ескертемін. Бала бізде оқығаннан кейін, оның отыруы, тұруы, тәртібі мен тәрбиесі соншалықты маңызды.

Бала кетіп бара жатса, «Дала салқын, жылы киін» деп, денсаулығына да қарап, анасына да «Витамин алып қойыңыз» деп жазып отыру да таңсық дүние емес болып кетті.

Нашар оқушыдан нәтиже шығара алмай жатсақ, ата-анаға жазып, «Біз оқудан шығарамыз» деп ескертсек, кейде ата-ананың өзі де таңғалып жатады. «Ай сайын баланың оқуы үшін төлеп отырмын ғой, неге сіздер шығарайын деп жатырсыздар» деп жатады. Ондай кезде ата-ананы шақырып, бірге отырып сөйлесеміз. Ай сайын беріп отырған ақшаға нәтиже шықпаған кезде, ертең менен «Менің ақшам қайда кетті?» деп сұрайды ғой. Сондықтан нәтиже шықпайтынын көріп тұрсам, бірден ескертемін.

Бірақ Астаналық ата-аналарға баланың үлгерімі, біліміне бәрібір емес. Астаналық ата-аналар баланы оқытып, ағылшынға қатыстырып жатады. Мысалы есеп білмейтін баланың өзінде ағылшыны IELTS 6,5 деңгейде болады немесе есеп білмесе де, қытай тілін меңгерген боп шығады дегендей. Балаларды спортқа баулып тастаған. «11 сынып ҰБТ-ге дайындал» десең де, «Жоқ, апай, ол маған керек» деп тұрады.

Сосын Астаналық ата-аналардан байқағаным, олар баланы қатты аяп кетеді. Ата-ананың рөлі өте маңызды, баланы қолдау жағынан да, мотивация беру жағынан да, қадағалау жағы өте маңызды. Бала 3 сағат білім алып, үйге барғаннан кейін оқымаса, не істеп отырғанын ешкім қадағаламаса ол кезде нәтиже шықпайды.

Технологиялық өзгерістер мен цифрландыру, ChatGPT балаларға қазір қалай әсер етіп жатыр? 

Негізі, өте нашар. Барлығымызды біркелкі ойлайтындай етіп, барлығымыздың ойымызды бірдей, артық ойлана алмайтындай қып дағдыландырып тастап жатыр. Оқушыларға да қиын. Есепті, үй жұмысын жасай алмай жатса, соның көмегіне жүгінеді.

Біз онымен 1 айдың көлеміндей күрескен шығармыз. Көшіру ол баланың өзіне керекті білімді ала алмауына әкеледі. Егер баланың көшіргенін білсек, «Сен оқудан шығасың!» деп те шара қолданамыз. Себебі, курстан шығасың деп баланы тежей алмасам, басқаша ескерту оған әсер етпейді.

Дереккөз: ChatGPT AI

Мамандық пен таңдау пәнін енді талқыға салып, енді ойланатын  оқушыларға нендей кеңес бересіз?

- 10 сынып нағыз өзіңе керек мамандықты таңдайтын кез. Сен 9 сыныпта әлі баласың. Аттестат аласың, колледж немесе университет деп шешім қабылдайсың. Содан кейін, университет деп шешім қабылдаған соң, мамандығыңды нақтыла. Нақтылаған соң тек таңдау пәніне дайындал, мәселен биология-химия ма, тек сол екі пәнге ғана дайындықты баста. 

Неге? Себебі, 11 сыныпқа келген кезде саған қиын болмайды. 11 сыныпта оқып кеткен базалық білімді шыңдайсың. Содан соң, мамандықтың маңызды екенін ұмытпаса екен. Тек, «Мен қай пәннен жақсымын?» деп шектелмесе екен деймін. Себебі, әлем даму үстінде. Сондықтан әдемі мамандықты таңдауға қорықпаса деймін. Мал шаруашылығы, балық, орман шаруашылығы деген мамандықты таңдауға қорықпаса деймін. Грант бөлініп тұр ма? Демек, ол, елімізге керек мамандық. Оны дөңгелетіп, бизнес жасап кететін адамдар қаншама?!

Болашақ мамандықты таңдаудағы басты критерий – бұл адам өзіне ұнайтын, қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес келетін бағытты таңдауы керек. Қате таңдалған мамандық адамды жалықтыруы, жұмыссыздыққа немесе психологиялық проблемаларға әкелуі мүмкін. Ал дұрыс таңдалған мамандық адамға ұзақ мерзімді табыс пен дамуды қамтамасыз етеді.  Қазіргі қоғамда білім мен еңбек нарығы жылдам өзгеруде, сондықтан мамандық таңдау кезінде осы өзгерістерді ескеру маңызды. Әркімнің болашағы өз қолында, ал дұрыс таңдалған мамандық адамды алға жетелеп, табыс әкеледі. Сондықтан, мамандықты таңдауда ойланып, өз қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін жақсы түсініп, барлық факторларды ескере отырып шешім қабылдау қажет.

 

МАТЕРИАЛ АВТОРЫ: ДИНА ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ

Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр? Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты «Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО) «3 бастық жабылып ұрып-соғып, жала жапқан»: түрме қызметкеріне бастықтары қорлық көрсетіп келген (ВИДЕО) Біз сенген басшылар инфляцияны қалай тежемек?