Біз қолданатын домбыра қайдан шыққан?: музыка маманы Мақсат Кенбаев жауап берді

14.11.2024, 11:56
237
Біз қолданатын домбыра қайдан шыққан?: музыка маманы Мақсат Кенбаев жауап берді коллаж фотосурет / Марат Батырхан

Қазақтың әні түркі халықтарының музыкасынан қай жағынан ерекшеленетіні туралы музыкант Мақсат Кенбаев туралы әңгімелеп берді.

«Жігітке жетпіс өнер де аз» деген қазақ халқы өнерді ертеден бері бағалағаны белгілі. Әлі күнге дейін музыка индустриясында қазақ музыкасының алатын орны ерекше. Ал бүгін алаш жұртының ежелгі музыка жанры мен болашағы қалай өрбитіні жайында сөз қозғаймыз. Бұл жайында музыка саласында 9 жылдық тәжірибесі бар Мақсат Кенбаев өз пікірін білдірмек.

Басқа түркі тілдес мемлекеттерге қарағанда қазақ музыкасының айырмашылығы неде ?

ТМД мемлекеттерінде көбінесе қазақ музыкасы басқа Орта Азия музыкаларына қарағанда тартымдырақ. Себебі өзбек, ұйғыр музыкаларында шығыс үндері басым болса, қазақ музыкасында көне жылдардан бастап диатоникалық үн бар. Диатоникалық үн басқа ұлттардың құлақтарына өте жағымды естіледі. Жалпы, қазақ халқы үшін музыка жасау ежелден бері тән.

1930 жылдары Ахмет Жұбанов пен Евгений Брусиловский Кеңес Одағы кезінде қазақ музыкасын классикалық жанрға үйлестіруде үлкен жұмыс атқарды. Себебі бұл музыка да диатоникалық үнге негізделген болатын. Бұған дейін айтқандай, диатоникалық үн өте тиімді. Ол рок, поп музыкада да кең таралған. Сол себепті қазақ музыкасы құлаққа жағымды әрі жүрекке әсер ететін ерекше күшке ие деп сеніммен айтуға болады. Қоса кетсем, тағы бір маңызды факт бар: 90-шы жылдары және 2000-шы жылдары біздің коммерциялық музыка мүлдем дамымаған еді. Сондықтан біздің радиода да, телевизияда да шетелдік музыкалар көп таралған. Осылайша, қазақ музыкасы 2015 жылдан бастап коммерцияға кіріп, жаңғыра бастады.

ТМД мемлекеттері неліктен қазақ музыкасына еліктеп жүр? Бұл тенденцияның басталуына не түрткі болды деп ойлайсыз?

Біріншіден, ТМД мемлекеттерінде қазақ рэпі танымал болды. Тарих беттеріне көз жүгіртсек, біздің елде бұрыннан айтыскерлер мен жыршылар көп болған және олар халықтың құрметіне бөленген. Яғни, қазақ халқы өнерді ежелден құрметтеген. Бұл біздің қанымызда бар. Сол себепті қазақ музыкасы музыка индустриясында маңызды орын алады. Тіпті біздің тіліміз де бай, ал рэп жанры үшін ол таптырмас қазына.

Бұған дейін Ресей музыкасы ТМД елдері арасында ең танымал музыкалардың бірі болып есептелген еді. Бірақ 2010 жылдардан бастап олардың музыкасының танымалдығы төмендей бастады. Ал қазақ музыкасы керісінше, әрі қарай дамып, өрбімек.

Сіздің пікіріңізше әндердің стриминг платформаларына шығуы қаншалықты тиімді?

Менің ойымша, қазіргі уақытта қазақ музыкасын стриминг платформаларына шығару аса тиімді емес. Себебі 90-шы жылдардан бастап, қазақ музыкасы той және корпоративтік стильге бет бұрды, өйткені сол кезеңде бұл ең табысты жол болды. Ал стриминг платформаларында қазақ музыкасының тыңдармандары саны әлі жеткіліксіз. Бұл, бәлкім, қаржылай табыс әкелетін бағыт болмауы мүмкін. Десек те, аудитория ауқымын кеңейту үшін бұл – тиімді құрал.

Халыққа концерт беру қаншалықты тиімді деп ойлайсыз? 

Халықтың алдында концерт беру – әрбір әртістің міндеті. Концерттің ауқымы маңызды емес. Қала болсын, ауыл болсын, аудан болсын, халықтың танымал жұлдызы болу үшін концерттер ұйымдастыру шарт.

Қайрат Нұртасты мысалға алсақ, ол қалай танымал болды? 

Жауабы қарапайым: ол өз карьерасын кішкентай ауылдарды аралаудан бастады. Осыдан кейін ғана ол халықтың сүйіктісіне айналды. Бибігүл Төлегенова да дәл осындай жолдан өткен. Ел арасында Бибігүл Төлегенова «Колхозница» атымен танылған, ол концерттер үшін көбінесе колхоздарды аралаған.

Домбыраның қоңыр үні тоқпен үйлесіп өзгеріске ұшырауы мүмкін бе? Білетіндей, домбыра бірнеше рет түр әлпетін өзгерткен.

Домбыраның қоңыр үні қазіргі уақытта электрмен үйлесе алады. Қазір электро домбырамен ойнайтын топтар, мысалы, «Алдыаспан» мен «Ұлытау» тобы бар. Мысал ретінде «Алдыаспан» тобын алсақ, оларда кәдімгі ритм-гитара, соло гитара және бас гитараның орнына электро домбыралар пайдаланылған. Оларда соло домбыра, бас домбыра, электро бас домбыра бар. Қазіргі таңда домбыраға әртүрлі бас әсерлерін қосуға болады.

Қазіргі кездегі қолданыста жүрген домбыра – ол негізінен қазақтың классикалық домбырасы. Ал қабақ домбыра көбінесе шығыс және солтүстік өңірлерде тараған. Дегенмен, 1930 жылдары Ахмет Жұбанов пен Евгений Брусиловский Құрманғазы оркестрін құрып, сол оркестрге домбыраның батыс сопақ түрін енгізді. Өңірлерге байланысты домбыра әртүрлі болып түрленген. Мысалы, қырғыздарда, тыва мен ноғайларда өздерінің ерекше домбыра түрлері бар.

Көмеймен ән айту стилі енді-енді жаңғырып келеді. Осы ежелгі стильдің қайта оралуына себепкер не болды деп ойлайсыз?

Көмеймен ән айту стилі ешқайда жоғалмаған, бірақ ол көбінесе шаманизммен байланысты болғандықтан, Кеңес Одағы кезінде алғашқы кезекте жойылды. Кейін, діни жаңғыру кезеңінде де бұл стиль жоғала бастады. 2010 жылдардан бастап бұл стиль қайтадан зерттеле бастады. Қазақтарда көмеймен ән айту стилі – ол негізінен қарғыра стилі. Бұл стиль төмен дыбысты регистрде ән айтуға негізделген. Сонымен қатар, бұл стиль қырғыздар мен ноғайларға да тән. Жалпы, бұл стиль қыпшақ халықтарына ортақ. Ал моңғолдар, хақастар мен қалмақтарда сығыт стилі басым. Сығыт стилі керісінше, жоғары регистрдегі дыбыстармен ән айтуға негізделген. 

 

МАТЕРИАЛ АВТОРЫ: МАРАТ БАТЫРХАН 

Махмұд Сабырхан Азия чемпионы атанды «Менің адамым»: Ақбота-Нұрдың құпиясы әшкере болды «Полицейлерге пышақ тақаған жоқ»: Куәгерлер Қаржаубай Нұрымовтың тек әділ шешім сұрағанын айтты Даниал Ахметов кетті, Рыпакова келді Оралдық ана қызын сыныптастары соққыға жыққан соң мүгедек боп қалғанын айтты Субсидия сарсаңы: Шағын шаруашылықтар қолдауды сезініп жүр ме? Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалды Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін ерлер алтынға таласады Тұман түсіп, аяз болады: 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды Әлеуметтік желілердегі ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскериқызметшілерінің танымал бейнероликтері Жұлдыз Әбдікәрімованың пәтерін тартып алған компания бастығы ұсталды 11 рет баласы шетінеп кеткен алматылық әйел тұңғышын аман-есен өмірге әкелді Уақыт өткен сайын айыппұлдың түр-түрі шыға бастады «Шетелдік дәрігерлер басқа диагноз қойды»: Баян Мақсатқызы 25 жыл бойы қандай аурумен күресіп жүргенін ашып айтты Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан тағы 2 алтын еншіледі Қазақстанда аутизм және Даун синдромы бар 100-ден астам бала футбол секциясына тегін қатысады Бокстан Азия чемпионаты: Ел қоржынына 3 алтын түсті «Әйнекті сындырды»: Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған жолаушы ұсталды (ВИДЕО) Мен алдандым: «Астана» мен «Челси» кездесуіне 30 мың теңгеге билет алғандар өкініп жатыр «Үйілген қоқыста ұйықтап жүр»: Павлодар облысында 10 жасар қыз маскүнем әжесімен бірге тұрып келген