Балық шаруашылығын дамытудың жолы қандай?

20.11.2024, 11:22
934
Балық шаруашылығын дамытудың жолы қандай? SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Мәжілісте балық шаруашылығын дамытуға арналған заң жобасын таныстырған Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Аманғали Бердалин саланы ынталандырудың мемлекеттік шараларына тоқталды.

«Мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары енгізілуде. Бұлсубсидиялау, жеңілдетілген кредит беру және ғылыми сүйемелдеу. Балық өсіру үшін су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялаудың жаңа түрі көзделеді.

Субсидиялау агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілетін болады. Мемлекеттік қолдау шаралары тиімді болу үшін бизнес субъектілерінің қарсы міндеттемелерін енгізу жоспарланып отыр», - деді ол.

Сондай-ақ, ол су айдындарын балық өсірушілерге берудің жаңа тәртібі қалай іске асатынын да түсіндірді.

«Заң жобасында су айдындарын конкурстық негізде және конкурс рәсімдерін өткізбей беру тәртібі көзделген. Су айдындарын аукциондық сауда-саттық тәсілімен электрондық портал арқылы конкурстық негізде жүргізу ұсынылады. Бұл ретте, тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтарын құру жөніндегі инвестициялық жобалар үшін, егер инвестиция сомасы кемінде 150 мың АЕК болса, халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындарын конкурс өткізбей беру ұсынылады.

Бүгінде бұл сома шамамен 550 млн теңгені боладыИнвесторлар үшін негізгі шарттар – бизнес-жоспардың болуы және қаржының болуын растау, ал міндеттемелер – өндірістік қуаттарды салу, өсіру көлемін ұлғайту», - деді Аманғали Бердалин.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды