Елімізде асырап алған баласын ұрып-соғып, азаптайтын ата-ана көбейген

Аиса Махамбет Редактор
20.11.2024, 16:31
512
Елімізде асырап алған баласын ұрып-соғып, азаптайтын ата-ана көбейген dreamstime.com

Прокурорлар асырап алған баласын азаптайтын ата-аналарды анықтаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, прокурорлар жүргізген тексеріс нәтижесінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы және Түркістан облыстарында бала тәрбиесіне жауапты мамандар арасында жүктеме шамадан тыс көп екені анықталған. Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті. 

«Тексеру бүгінде бір қызметкерге түсетін жүктеме 17 мың балаға жететінін, ал Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы және Түркістан облыстарында 30-дан 100 мыңға дейін жететінін көрсетті. Әлемдік стандарттарға сәйкес 1 қызметкерге жүктеме нормасы 5 мың баладан, ал ең прогрессивті елдерде 1 мыңнан аспауы керек», — делінген хабарламада.

Прокуратураның мәліметінше, саладағы қызметкерлердің мойнына шамадан тыс жүктеме ілінгендіктен, олар кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және бағу жағдайларын бақылап үлгермейді. Кесірінен, балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайлары көбінесе кеш анықталады.

«Жыл басынан бері асырап алынған балаларды ұрып-соғу және азаптау фактілері Шымкент қаласында, Ұлытау және Ақмола облыстарында тіркелген. Мәселен, Ақмола облысында сәуір айында патронат тәрбиешінің 5 баланы ұрып-соғу фактілері анықталған. Тергеп-тексеру барысында үш жылдан астам уақыт бұрын бір баланы өлтіру фактісі анықталған. Ұлытау облысында балаларды фермада жұмыс істеуге мәжбүр еткен асырап алған ана 4 жылға бас бостандығынан айырылды», — деп хабарлады прокуратурадан.

Осы тұрғыда Бас прокуратура Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қорғаншылық және қамқоршылық органдары қызметкерлерінің санының нормативтік заңнамалық тұрғыдан бекітуге қатысты бастамасын қолдайды. Сонымен қатар Министрлік прокуратураның педагог-психологтардың қызметін күшейту қажеттілігіне қатысты ұсыныстарын қолдады.

Атап айтқанда, педагог-психологтардың саны бойынша норматив заңнамалық тұрғыдан қайта қаралуда, мұнда 1 маманға жүктеме 500 оқушыдан аспауы тиіс. Жалпы, Жол картасы Министрліктің басқа да бағыттары бойынша жұмыстарының тиімділігін арттырады деп күтіліп отыр. 

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды