Қазақ қызы 900 теңгеге тапсырыс берген әмияннан 32 500 теңге тауып алған (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
06.12.2024, 16:07
648
Қазақ қызы 900 теңгеге тапсырыс берген әмияннан 32 500 теңге тауып алған (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Әлеуметтік желі қолданушысы қытайлық Pinduoduo маркетплейсінен әмиянға сатып аламын деп олжалы болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, атыраулық желі қолданушысы Pinduoduo-дан 900 теңгеге әмиян тапсырыс берген. Әмияннан ақшаны қалай тауып алғанын ол желідегі парақшасында айтып берді. 

Әмиян келген соң ішіндегі қағаздарын алып, орнына ақша салып жатқанда қалтасынан 500 юань тауып алған. Алайда ол табылған Қытай валютасының түпнұсқа немесе жалған екенін ажырата алмаған. Сөйтіп рас-өтірігін білу үшін валюта айырбастайтын пунктіге барған. 

Ол ақшаны ауыстырып жатқан сәтті видеоға түсіруге рұқсат сұрап, оқырманның өтінішімен видеоға түсірді.

Қыздың “Мұнда 500 юань. Өтірік не шын екенін қарап бересіз бе?” деген өтінішін жерге қалдырмай, ақша айырбастау пунктінің қызметкері ақшаның түпнұсқа екенін айтып, есептеп берді. Нәтижесінде 500 юань 32 500 теңгеге бағаланды.

“Достар, ақша шын болып шықты. Бірақ егер ақша жалған болған жағдайда полиция қызметкерлерін шақырамыз деп алдын ала ескертті. Қатысың болмаса да тергеу жүргізіледі екен. Бірақ ақша шын болып шықты. 65-тен теңгеден қабылдап жатыр. Мінекей, 32 500 теңге”, – дейді жолы болған қыз. 

Желі қолданушылары ойа жоқта олжалы болған қызға қызығып, түрлі пікір қалдырды.

“Зауытта біреу ақшасын тығып, ұмытып кеткен ғой”, “Алла несібеңізді Қытайдан жіберіп тұр”, “Қашанғы қазақтар жем болып жүреді”, “Бәріміз әмиянға тапсырыс берейік”, “Жолың болды деген осы”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары. 

«4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады