«Әйнекті сындырды»: Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған жолаушы ұсталды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
10.12.2024, 14:59
799
«Әйнекті сындырды»: Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған жолаушы ұсталды (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Ер адам жүргізуші отыратын кабинаның әйнегін сындырған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда жолаушы кабина әйнегін сындырып, №120А автобусының жүргізушісіне шабуыл жасады. Аталған жайтты Astana TV арнасының жаңалықтар қызметі жеткізді.

Автобус жолаушысының оқыс әркеті видеоға түсіп қалып, әлеуметтік желіде тарады. Видеодан ашуға мінген ер адамның жүргізушімен сөз таластырып, ол отыратын кабинаның әйнегін сындырғанын көруге болады. 

Екеуара жанжалға не себеп болғанын полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Бұзақы ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. 

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бұзақының жеке басы бірден анықталды.

“Ол ұсталып, Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір істің объективті мән-жайын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар жиі болып тұрады”, – дейді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ол мұндай оқыс жағдайлар азаматтардың тәртібінің төмендігін, заң талабына бағынғысы келмейтіндігін көрсететінін айтады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады