Субсидия сарсаңы: Шағын шаруашылықтар қолдауды сезініп жүр ме?

11.12.2024, 11:14
495
Субсидия сарсаңы: Шағын шаруашылықтар қолдауды сезініп жүр ме? Sputnik / Болат Шайхинов

Мемлекет тарапынан берілетін субсидияға ірі шаруашылықтар бірден қол жеткізіп, шағын шаруашылықтар «байбалам» салып жүріп алатыны жасырын емес. Тіпті, кейбіреуіне бұйырмай қалуы да мүмкін.

Мәжілістің жалпы отырысында ауыл шаруашылығындағы субсидияның тиімділігіне қатысты аудит қорытындысын жариялау кезінде Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов субсидияларды ұсыну тетіктеріне 5 жылдың өзінде 70-тен астам өзгеріс енгізілгенін айтты.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын тиімділігі жоғары сала деңгейіне жеткізу міндетін алға қойды. Сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды екенін атап өтті. Инновацияларды енгізуге және агроөнеркәсіптік кешенді жаңғыртуға ерекше назар аударылады. Бұл ретте аграрлық сектордағы тиімді мемлекеттік реттеу өте маңызды рөл атқарады. Ауыл шаруашылығының экономикалық маңыздылығы жоғары бола тұра, өкінішке қарай, жалпы ішкі өнімге қосатын үлесі аз екенін көріп отырмыз — орта есеппен 5%-ға жуық. Негізгі себептері белгілі: өнімділіктің төмен болуы, суармалы жер көлемін ұлғайту қарқынының баяулығы, суды тиімсіз пайдалану, көлік-логистикалық инфрақұрылымның әлсіз дамуы, материалдық-техникалық жарақтандырудың жеткіліксіздігі және басқалар, — деді Ә. Смайылов.

Оның айтуынша, субсидиялау жүйесінде де кемшіліктер бар. Субсидиялардың түрлері мен бағыттары үнемі өзгеріп отырды. Оларды ұсыну тетігі де іске асыру барысында өзгерген.

«5 жылдың өзінде 70-тен астам өзгеріс енгізілді. Ережелер жекелеген жағдайларда кешіктіріліп қабылданған. 5 жылдан астам уақыт өтсе де, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұлғайтуды субсидиялау жөніндегі ережелер әлі де жоқ. Бұл осы бастамаларұсынылған уақытта субсидиялау тәсілдерінің пысықталмауы себебінен орын алып отыр. Мұндай жағдайда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жаңашылдықтарға бейімделуіүшін көп күш жұмсауы тиіс. Осындай жағдай мемлекеттік қолдау шараларынасенімсіздіктің туындауына әкеледі. Сонымен қатар, субсидиялау көлемі артып келеді, алайда оларды тиімді пайдалану мәселесі шешілген жоқ. Субсидиялаудың нақты басымдықтары белгіленбеген. Бұл субсидия қаражатын көптеген бағытқа шашуға ықпал етеді. 17 бағыт бойынша 67 субсидия түрі бар, ал олардың әсері шамалы. Сонымен қатар нақты нысаналы индикаторлар айқындалмаған», — деді Әлихан Смайылов.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды