Қазақстанда алтын қоры артып келеді

12.12.2024, 18:00
15955
Қазақстанда алтын қоры артып келеді stockcake.com

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаровтың айтуынша, соңғы екі жылда Қазақстанның минералдық-шикізаттық базасы айтарлықтай кеңейді.

«Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша 2023-2024 жылдары мемлекеттік есепке алғаш рет мынадай кен орындары қойылды:

Қатты пайдалы қазбалар — 27, көмірсутек шикізаты — 10, жерасты сулары — 23.

Сондай-ақ пайдалы қазбалардың мынадай түрлері бойынша ресурстар мен қорлардың өсімі алынды: 

Алтын - 522 тонна, күміс - 281 мың тонна, хром кендері - 2 383 мың тонна, уран - 44 мың тонна, мыс — 12 893,6 мың тонна, фосфорит кендері - 82 миллион тонна, мұнай - 277 миллион тонна, газ — 113 миллиард текше метр, конденсат — 1,9 миллион тонна, жер асты сулары — 155,8 мың текше метр», – деді Ерлан Ақбаров.

Ерлан Ақбаров атап өткендей, Қазақстанның минералды шикізат базасына қатты және кең таралған пайдалы қазбалар, көмірсутектер мен жер асты суларының кен орындары кіреді.

Жалпы алғанда, мемлекет балансында қатты пайдалы қазбалардың 987-ден астам кен орны бар, оның ішінде 355-і көмірсутегі, 987-і қатты пайдалы қазбалар, 3666-сы кең таралған пайдалы қазбалар және 4540-ы жер асты сулары.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды