Жылқы ұрлап, 6 миллион теңге шығын келтірген

26.12.2024, 18:02
576
Жылқы ұрлап, 6 миллион теңге шығын келтірген Sputnik / Алексей Мальгавко

Шығыс Қазақстан облысында 40 жастағы тұрғын 15 жылқыны ұрлады деген күдікпен қолға түсті.

Қыркүйек айының соңында ер адам қараусыз жайылып жүрген жылқы үйірін байқап, түннің қараңғылығын пайдаланып, оларды өзі жұмыс істейтін фермаға айдап әкеткен. Күдікті ұрланған малдың тоғызын сатып, бір бөлігін базарға өткізген. Осылайша жәбірленушілерге жалпы 6 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген. Ауыл тұрғындары жоғалған жылқыны іздеуге кіріскенде, күдікті өзіне күдік келмеуі үшін қалған жылқыларды еркіндікке жіберген.

Дегенмен, полицейлер қылмыстың ізін суытпай, тергеубарысында күдіктінің бұл іске қатысы бар екенін анықтап, оны ұстады. Жедел-іздестіру шаралары барысында ұрланған малдың бір бөлігін тәркілеу мүмкін болды.

Қазіргі уақытта мал ұрлығы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті тұрғындарға өз малын қараусыз қалдырмау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін тағы бір еске салады.

Полицейлердің айтуынша, сақтық шараларын сақтау ұрлықтың алдын алудың тиімді тәсілдерінің бірі.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды