Өскеменде полицейлер әйелдің көлігінің кілтіп алып ап, екі баласымен далада қалдырған (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
11.01.2025, 13:11
1260
Өскеменде полицейлер әйелдің көлігінің кілтіп алып ап, екі баласымен далада қалдырған (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Әйел екі баласымен полицейлердің көлігіне кіріп отыра тұруға өтініш білдіргенмен, полиция есікті ашпай қойған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде өскемендік ерлі-зайыптының транзиттік көлігін полицейлер тоқтатып, алып кету үшін эвакуатор шақырған видеосы тарады. Онда әйел эвакуатор келгенше екі кішкентай баласымен полицейлердің көлігіне кіріп отыра тұруға өтініш білдірген. Алайда құзырлығы орган өкілдері қарсылық танытып, есікті ашпай қойған. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Видеода әйел мен ер адамның полицейлерге шағымданып, олардың көлігінің терезесін тоқылдатқанын көруге болады. Әйел кішкентай балаларынмен күн суықта сыртта тұрғанын айтып ашуланған. Бірақ тәртіп сақшылары көмек берудің орнына, көліктен шықпай қойған.

"2 және 4 жастағы балам бар. Полицейлер біздің көлігіміз транзитте болғаны үшін эвакуатор алып кетеді деді. Эвакуатор келгенше сыртта тұрғызып қойды. Ең болмаса, жарты сағат көліктің ішіне кіріп, отыруға құқығымыз жоқ па? Екі кішкентай баламен түннің бір уағында дала тұрмыз. Халықпен неге санаспайсыздар? Көліктеріңізді бір жерге алып қашайық деп жатқан жоқпыз. Өз көлігіміздің кілтін алып, енді екі баламен далада тастап тұр", – деді видеода әйел. 

Ерлі-зайыпты мен полицейлердің әрекетіне қатысты оқырмандардың пікірі екіге жарылды. Бірі заңға бағыну керек десе, басқалары тәртіп сақшыларының жұмысына наразы болған. Видео астына 12 мыңнан аса адам пікір қалдырған.

"Транзиттік нөмірмен түнде жүруге болмайды. Біліп тұрып әдейі істеп, полицияны жаман қылып көрсетіп тұрсыз. Полицейлердің сәлде болсын адамгершілігі жоқ екен", "Полицияның үстінен полиция шақыруға болатынын білесіңдер ме, негізі? Екеуі балаларды суыққа қалдырғандары үшін ақ заңға тартылады", "Қойыңдаршы, заңға неге мойынсұнбайсыңдар. Не міндет ол, бала, бала деп...", "Жолдасың осы жерде қалсын. Сен балаларды жауратпай, үйіңе таксимен бар", "Америка полицейіне қарасаң қызығасың. Біздікі адам болмайды. Жарайды заң бұзды делік. Тіпті, болмаса баланы отырғызса болады ғой. Тас жүректер", – деп жазды желі қолданушылары.

Редакция Өскемендегі полиция департаментіне хабарласып, істің шын мәнінде қалай болғанын сұрап білді.

"Полиция қызметкерлері белгіленген тәртіпте тіркелмеген автокөлікті тоқтатып, жүргізушіні заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартып, көлікті айыппұл тұрағына қойған. Сондай-ақ полицейлер жүргізуші мен оның отбасына үйлеріне дейін жеткізіп салу көмегін ұсынған. Алайда олар ұсыныстан бас тартып, керісінше, сыбайлас жемқорлық сипатындағы жалған айыптар тағып, бейнежазба түсірген. Бейнежетон жазбаларынан жүргізушінің полиция қызметкерлеріне өздері пара беруге тырысқанын, бірақ полицейлердің одан үзілді-кесілді бас тартқанын көруге болады", – деп жауап берді Өскемен полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнұр Түсіпова.
«Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті «Тіркеліп үлгеру керек»: Халық Дәулет Мұқаевқа тұсау кестіру үшін кезекке тұрып жүр Енді «Мисс Қазақстан» байқауына трансгендерлер қатыса алады Қостанай облысында мысық тістеп алған әйел қаза болды Франция мен Испания Ресей азаматтарына виза ережелерін қатаңдатты «Қыздар сияқты жүзік сұрай салмадым»: Баян Алагөзова күйеуінен мәһрге не алғанын айтты Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізбек Илон Маск «нашақор» деген айыптан кейін тест нәтижесін желіге жариялады Министр Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалмағанын айтты «Ажырасып кеткен»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас жігітпен ән айтып, елдің талқысына ұшырады Ер адам баласының көзінше әйелін өртеп жіберген «Жүкті кезде ішіме отырып, тоқтамай ұрды»: Танымал блогер бұрынғы күйеуінің көрсеткен қорлығын әшкереледі (ВИДЕО) Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады «Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты