«Фариза, оралшы»: Нұрсұлтан Жақсыген эфирде бұрынғы әйелі мен оның ата-анасынан кешірім сұрады (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
20.01.2025, 14:50
849
«Фариза, оралшы»: Нұрсұлтан Жақсыген эфирде бұрынғы әйелі мен оның ата-анасынан кешірім сұрады (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Эфирде әзілкеш әйеліне қоңырау шалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал актер Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы әйелімен қайтадан қосылғысы келетінін жасырмады. 

Өнер иесі “Менің өмірім” бағдарламасына сұхбат беріп, әйеліне қоңырау да шалды. 

“Телефонын көтермейтін шығар. Бұрын телефонымда аты “Жүрек” деп тұратын, кейін “Фари” болды. Қоңырау барып тұр. Бірақ көтерген жоқ. Мүмкін естімей қалды немесе өзі көтергісі келмеді. Ең бастысы қадам жасалды”, – деді актер. 

Одан кейін бағдарлама арқылы әйелінің ата-анасынан және халықтан кешірім сұрады. 

“Отбасын сақтап қалу – әрбір ер-азаматтың міндеті. Қателескен жерлерім болса, кешірім сұраймын. Халықтың алдында, өз ата-анамның, ол кісінің ата-анасының алдында кешірім сұраймын. Алла қаласа отбасымды сақтап қалуға бар күшімді салуға тырысамын", – деп жан сырын ақтарды киножұлдыз. 

Бұған дейін әзілкеш «Қайырсыз болса, алыстатады» деп ажырасқанын көпке жеткізген еді. Ол әйелін ата-анамның разылығын алмады, «Келінінен сөз есту қандай қиын?!» деген еді. Сондай-ақ ол заңды сатып аламын деп баласына алимент төлеуден бас тартатынын айтқан. Мұны оның бұрынғы әйелі Фариза Сабыралиева желіге жариялаған еді.

Артынша олардың заңды некеде болмағаны жария болды. Фариза «Бізде заңды неке болмаған. Мұсылманша үш рет талақ айтылды» деп мұңын шаққан еді. 

Алтынай Жорабаева кісі қайтқан жерге мобилограф ертіп келетін жұлдыздарды сынап тастады Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа адаммен жаңа өмір бастағалы жатыр Ирандағы босқындар Каспий асып келуі мүмкін бе? Сыртқы істер министрі жауап берді Енді инвесторды прокурордың рұқсатынсыз тексеруге болмайды Жандос Өмірәлиев: «Қылмыс деңгейінің төмендеуі – қоғамдағы оң өзгерістердің көрінісі» Бас прокуратура: Жалған ақпаратты жиі тарататын – жастар Енді іздеудегі адамдарды жасанды интеллект анықтайды Бас прокурордың орынбасары алаяқтарды анықтау жұмыстары күшейтілгенін жеткізді Прокурорлар балалар үйлеріне түнгі уақытта бақылау жүргізе бастады Прокуратура әлеуметтік желідегі ақпаратты күнделікті бақылайды – Жандос Өмірәлиев Ақсудағы дауылда ағаш қадалып қаза тапқан әйелдің отбасына 1 млн теңге ғана көмек көрсетілген Ресейде 14 жасар қызды ұрлап әкетті деген күдікпен өзбекстандық қамауға алынды «Мас күйде таксиге отырып, анама бардым»: Ұлықпан Жолдасов Садраддиннің әндерін сынға алды Иранның ядролық нысанына шабуылдан кейін ауыр зақым келгені спутниктен анықталды Александр Бублик әлемдік рейтингте ТОП-30 қатарына кірді Ресей мектеп бағдарламасынан украин тілін алып тастады Дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегеріне Моңғолия қазақтары автокөлік сыйлады Иран сыртқы істер министрі Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге барды Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды Иранға жасалған соққы Трампқа импичмент жариялауға негіз болмақ