«Дүкенге кеттім деген»: Астаналық әйел емізулі баласын қызып тұрған көліктің ішінде қалдырып кеткен

23.01.2025, 14:05
4312
«Дүкенге кеттім деген»: Астаналық әйел емізулі баласын қызып тұрған көліктің ішінде қалдырып кеткен бейнежазбадан алынған кадр

Ер адам әйелді көліктің қасында 20 минут күтіп, полиция шақырған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, астаналық ер адам әлеуметтік желіге оталып тұрған көлікте ұйықтап жатқан нәрестенің қараусыз қалған видеосын жариялады. Анасы емізулі баласын көлікте қалдырып, ұзаққа кеткен. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Желіде жарияланған видеода ер адам есігі ашық қалған, оталып тұрған көліктің алдыңғы жолаушы орнында емізулі сәбидің ұйықтап жатқаны туралы айтты. Баланың жанында ересектерден ешкім болмаған. Анасы дүкенге кіріп кеткен екен.

«Көлікті жүк тиеу аймағына қойып кетіпті. Мен оны 20 минуттай күттім. Кейін қайтып келіп, болған жағдай үшін кешірім сұрады. Бірде қатты ашуланып «Менің балам, не қаласам соны істеймін» деді», – деп жазды желі қолданушысы.

Ер адам оқиға орнына патрульдік полиция шақырған. Алайда олар келемін дегенше әйел көлікке мініп, кетіп қалған. Бірақ кейін әйелді тауып, онымен түсіндіру жұмысын жүргізген. Ол тәртіп сақшыларына бірнеше минутқа ғана кеткенін айтқан.

«Көлікті басқарған баланың анасы бірнеше минутқа дүкенге кеткенін айтты. Ол кезде үлкен қызы көлікте болған. Ол көліктің алдыңғы орнында ұйықтап жатқан балаға қарап отырған», – деп мәлімдеді полиция. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды