«Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын»: Қаңтардың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы жарияланды

31.01.2025, 09:27
737
«Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын»: Қаңтардың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы жарияланды Getty Images / PavelS

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» синоптиктері 31 қаңтарда Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 

Ұлытау облысының шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың бытысында, оңтүстігінде көктайғақ. Облыстың солтүстігінде тұман.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қарағанды облысында қар, жаяу бұрқасын.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.

Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. 

Абай облысында қар, түнде облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. 

Ақмола облысының оңтүстігінде , шығысында түнде қар , жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында түнде қар, жаяу бұрқасын, күндіз аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Алматы облысында кей уақытта түнде қар, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Алматыда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. 

Жетісу облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында қар, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар, бұрқасын күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз таулы аудандарында қар, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Шымкентте түнде қар, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды