«Солтүстік-батыс циклоны әсер етеді»: Ақпан айының алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

01.02.2025, 09:34
836
«Солтүстік-батыс циклоны әсер етеді»: Ақпан айының алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды Getty Images / Thomas Lee

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Қазгидромет" синоптиктері 1, 2 және 3 ақпанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады.

Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсер етіп, бұлтты ауа райы күтіледі. Жауын-шашын аралас қар, жаңбыр жауып, боран, желдің күшеюі, тұман және көктайғақ құбылыстары байқалады. 1 ақпанда қатты қар тек шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауады, ал республиканың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Түнгі уақытта Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы -15...-28 градустан 0...-18 градус аязға дейін ауытқиды. Күндіз солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде температура -4...+2 градусқа дейін жылынады. Шығыс пен орталықта күндізгі температура 0...-11 градус аралығында сақталады7

Батыс өңірлерде түнде -8...+2 градус аралығында, күндіз 0...+10 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстікте түнде -2...-13 градус, ал күндіз -2...+7 градус болады. Оңтүстік-шығыста түнде температура -5...-15 градусқа дейін, таулы аймақтарда -17...-25 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз -7...0 градус аралығында болады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды