Өскемендік жас жігіт үш туысын балталап, үйді өртеп кеткен

01.02.2025, 10:21
581
Өскемендік жас жігіт үш туысын балталап, үйді өртеп кеткен AP Photo / Noah Berger

Қаза болғандар – 76 жастағы үй иесі, оның 69 жастағы азаматтық жұбайы және олардың 51 жастағы туысы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өскеменде 27 жасар жігіт үш туысын балталап өлтіріп, қылмыс ізін жасыру үшін үйді өртеп кетті деген күдікке ілінді. 

"Криминалды Қазақстан" Telegram-арнасының жазуынша, жантүршігерлік қылмыс 30 қаңтарда болған. Өскемен қаласындағы жеке тұрғын үйде өрт шығып, оны сөндірілгеннен кейін жертөледен үш адамның жартылай күйген денелері табылды. Қаза болғандар – 76 жастағы үй иесі, оның 69 жастағы азаматтық жұбайы және олардың 51 жастағы туысы. Сараптама нәтижесі бойынша марқұмдардың басы шабылғаны  анықталған.

Полиция қызметкерлері оқиғаның алкогольдік ішімдік ішу кезіндегі  жанжал салдарынан болғанын анықтады. 27 жастағы күдікті ұсталды. Тергеу мәліметінше, ол қылмыстың іздерін жасыру мақсатында жәбірленушілердің денесін жертөлеге түсіріп, үйді өртеп жіберген. Күдіктінің марқұмдардың туысы екені белгілі болды.

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Полиция қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін жан-жақты және объективті зерттеу үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде. Тергеу барысы ШҚО ПД басшылығының жеке бақылауында," – делінген полиция мәліметінде. 

Астанада 28 ерекше қажеттілігі бар жасөспірім колледждерде кәсіби даярлық курстарын аяқтады Өзбекстанда жертөледен жасырын медресе ашқан ер адам 10 тәулікке қамалды Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен сыйлады «Ішкиімімді шешіп отырғам»: Әйелдер вагонындағы қыз жолсеріктің ер адам болғанына шағымданды Ер адам бұрынғы енесін баланың көзінше өлтіріп тастады Қостанайда 22 жыл бұрын танысын жыныстық қатынасқа түспегені үшін өлтірген ер адамға үкім шықты Израиль президенті: Хаменеиді өлтірсек, Иранмен қақтығыс тоқтайды Lamborghini-ден секіремін деп астына түсіп қаза тапқан жігіттің ісі бойынша сот үкімі шықты Иран тағы да Израильге қарай зымыран атқылады – жағдай ушығып барады Астаналық тұрғын сот арқылы ұлтын «неміс» деп өзгертті Ресей әскерінің Киевке жасаған түнгі шабуылынан 14 адам қаза тапты Петропавлда екі жасар бала күнбағыс дәніне тұншығып көз жұмды Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды «Өтірік іш салып алған»: Жұлдыз Әбдікәрімова суррогат ана туралы шындықты айтты «Өмірім оңынан өзгерді»: Танымал әнші Индира Елемес есімін азан шақырып өзгертті (ВИДЕО) Көпбалалы ана Айгүл Иманбаеваға ырымдап бриллиант білезігін сыйға берді (ВИДЕО) Танымал блогердің қыздарға жазған хаты әшкере болды (ФОТО) «Фонограммамен бір-екі ән айтып, кетіп қалды»: Төреғали Төреәлі мерейтойға ішіп келіп, сынға қалды (ФОТО) Шенеунік егіс екпеген фермерлердің жерін шетелдіктерге берем деп қорқытқан «Ресейді жамандап еді, үндері шықпай қалыпты»: Пугачеваны жұрт сынап тастады