Лифтіде төбелесіп, жалған қарумен пранк жасағандар қамауға алынды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
02.02.2025, 10:14
408
Лифтіде төбелесіп, жалған қарумен пранк жасағандар қамауға алынды (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Астанада лифтте пранк жасаған екі ер адам қамауға алынды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жігіттер төбелескен болып, соңында жасанды қару көрсетіп, лифт ішіндегі екі жігітке жалған ойын көрсеткен. Видео кадрларынан лифтке кездейсоқ кірген жігіттердің қаруды көрген кезде қатты қорыққаны көрсетілген. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Әлеуметтік желілерде таратылған видео кадрларында азамат Г. А. өзінің сыбайласымен лифт ішінде қақтығысып қалады. Сол сәтте лифт ішінде бұл пранктен хабары жоқ екі жігіт тұрады. Алғашында олар екі адамның арасындағы жанжалды тоқтатуға тырысады. Алайда ыза үстіндегі азаматтың бірі қалтасынан қаруға ұқсас затты алып шыққанда екеуі қатты шошиды. 

Қойылым барысында Г. А. тіпті қаруды жігіттерге қарай тақайды. Кейін атылған дыбыс шығарады. Бұдан шок алған жігіттердің бірі оқ тиді екен деп қайта-қайта денесін ұстайды. Ал екіншісі жерге жатып қорғануға тырысады.

Астанада полиция қызметкерлері пранкерлерді "қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны үшін" ұстады.

"Мұндай әрекеттер қайтымсыз салдарға, соның ішінде дүрбелеңге, азаматтардың әл - ауқатының нашарлауына немесе куәгерлердің агрессивті реакциясына әкелуі мүмкін", - деп атап өтті полиция.

Осы факт бойынша пранктың ұйымдастырушысы ұсталып, полицияға жеткізілді. Оған қатысты уақытша ұстау бөлмесіне қамаумен ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары сотқа жіберілді.

Астана қаласының полиция департаменті қоғамдық тәртіпті тұрақсыздандыратын мұндай заңсыз әрекеттердің қатаң жолын кесетінін ескертті. Полиция азаматтарды жауапкершілікке, заңды сақтауға шақырды. 

«Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді Астанада бір топ жігіт екі баланы ұрып кеткен Шерзаттың сотында айыпталушы Тоқтаубаев өтірік айтқанын мойындады Қазақ сарбазы АҚШ-та рекорд орнатты «Трамп пен Ердоғанды сыйлағасын келісіп ем»: Зеленский де келіссөздерге қатыспайтынын айтты Бүгін өңірлерде 44 градусқа дейін аптап ыстық болады «Қалай сүйілсем, солай сүюге дайынмын»: Балжан Бидаш екінші рет тұрмыс құрмақ