1525

Күзде жоғалып кеткен қыз өлі күйінде табылды (ФОТО)

Айшаның екі айдан соң мәйіті табылды…

Күзде жоғалып кеткен қыз өлі күйінде табылды (ФОТО)
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2024 жылдың күзінде із-түссіз жоғалған Алматы облысының тұрғыны жоғалып кеткеннен кейін екі айдан кейін өлі күйінде табылды. Бұл туралы Lider.kz сайтының еріктілері Instagram парақшасында хабарлады.

1994 жылы туған Хамит Айша Мұратбекқызы қарашаның 26-сы күні жоғалып кеткен. Бұл күні ол Еңбекшіқазақ ауданы, Қырбалтабай ауылы, Наурыз көшесі, 6-үй мекенжайы бойынша үйінен шығып кеткен.

Белгілері: бойы 160 сантиметр, дене бітімі арық, шашы қара ұзын, көзі қоңыр.

Ол қара қысқа күртеше және сүтті хиджаб киген.

Еріктілердің айтуынша, әйел 30 қаңтарда өлі табылған. Өлімнің мән-жайы айтылмады.

 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор