532

«Тұман түсіп, жел күшейеді»: 4 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

«Тұман түсіп, жел күшейеді»: 4 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Prime Stock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 4-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, солтүстік антициклон ҚР көп бөлігінің ауа райына ықпал етеді.

Республикада негізінен күн жауын-шашынсыз болады. Тек елдің батысы мен оңтүстік-батысында фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр мен қар жауады.

ҚР бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, шығыста – жаяу бұрқасын болу ықтимал.

 https://kaz.inform.kz/news/kazakstan-boyinsha-tuman-tusp-zhel-kusheyed-kazgidromet-69391a/

Материал авторы