614

6 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

6 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Getty Images / USO

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 6 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультация жарияланды.

Солтүстік антициклон ҚР басым бөлігінің ауа райын анықтайды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

— Тек елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты аздаған қар жауады. Қазақстан Республикасы бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, солтүстік-батыста, солтүстікте — жаяу бұрқасын болжанады, — делінген хабарламада.

Материал авторы