«Дауылды ескерту!»: 7 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

07.02.2025, 09:06
548
«Дауылды ескерту!»: 7 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды Getty Images / tomch

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК 7 ақпанда Қазақстанның 17 облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

Ұлытау облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні - 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жолдарда көктайғақ.

Алматыда жолдарда көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге, Мұғалжар ауданында кей уақыттарда 23-28 метрге дейін жетеді. 

Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші - 15-20 м/с.

Астанада солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысының оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман.

Солтүстік Қазақстан облысыныңбатысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды