Маңғыстаудағы Таиландтан келін түсірген әулет немерелі болды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
10.02.2025, 16:06
925
Маңғыстаудағы Таиландтан келін түсірген әулет немерелі болды (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Есімін Інжу деп өзгерткен таи келін ұл сыйлады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Таиландтан келін түсірген маңғыстаулықтар немерелі болғанын айтып, елден сүйінші сұрады. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Дүниеге шекесі торсықтай ұл бала келген.

“Таиландық келін ұл сыйлады. Немеремнің иісіне басым айналып, дүниенің бәрін ұмытып жатырмын. Ақ жаулықты әжелердің қатарына қосылдым. Жарық дүниеге қош келдің, Аланым. Әрбір шақырақ ұрпақты болсын, ырысты болсын, ырысы жұртқа жұғысты болсын”, – деп жазба жариялады Гүлсім.

Аланның әжесі әулетті қуанышқа бөлеген келініне ерешке алғыс білдірді. Әулеттің жақындары енесінің келінін қатты уайымдағанын айтады.

“Апам келінін қатты жақсы көреді. Босанғанша, ұзақ толғатқанда “келінім шаршап қалды-ау” деп уайымдап, мың рет хабарласқан шығар. Қасында анасы, бауырлары болмағанға уайымдап, бар жағдайын жасады. Ана орнына ана болды”, – деді жазба астында пікір қалдырғандар.

Желі қолданушылар әулетті қуанышымен құттықтап, нәрестеге ақ тілектерін жаудырды.

“Құтты болсын. Бауы берік болсын. Менің де немеремнің аты Алан”, Қандай бақыт! Балапанның бауы берік болсын! Бәрімізге жұғысты болсын, әмин”, “Жүзің қандай мейірімді болса ,ұрпағыңда сондай мейірімді болсын, жаным”, “Келіннің күлгеніне мәз болып қарап отырмын. Балапанның жасы ұзақ болсын”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды