Маңғыстауда тегін донер мен сушиге таласқан ауыл тұрғындары жанжал шығарды (ВИДЕО)
Ақтауда тегін донер тарату акциясының соңы жанжалға ұласты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, оқиға орнына полицейлер келіп, жұртты сабырға шақырды. Бұл туралы Kazinform жазды.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, кәсіпкермен профилактикалық әңгіме жүргізілген.
Дәмхана иесінің айтуынша, ол адам көп жиналады деп ойламаған.
- Қызылтөбе ауылында тұрғындардың көп жиналуына байланысты, құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін тегін тамақ таратылатын орынды өзгертіп, басқа ауылда өткізіп жібердік. Болашақта мұндай жағдайлар қайталанбайды. Кешірім сұраймын, - дейді кәсіпкер.
Бұған дейін, тегін донер таратқан ақтөбелік кәсіпкерге айыппұл салынғаны туралы жазған болатынбыз.
Материал авторы