«Желдің күшеюі, тұман, көктайғақ»: 15 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Бүгінгі күн райы қандай болмақ?
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазгидромет РМК ел аумағында 15 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Дерекке қарағанда, еліміздің аумағы арқылы өтетін атмосфералық фронтальды бөлімдер ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды.
- Республиканың басым бөлігінде қарлы боран соғады, батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Республика бойынша – желдің күшеюі, тұман, оңтүстікте, батыста – көктайғақ күтіледі, - деп жазды синоптиктер.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші