Алматыда Мұхтар Мағауиннің 40 күндік асы өтті

Аиса Махамбет Редактор
18.02.2025, 15:25
665
Алматыда Мұхтар Мағауиннің 40 күндік асы өтті бейнежазбадан алынған кадр

Жазушының Алматыда ұйымдастырылған қырқына АҚШ-тан жұбайы келді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда 85 жасқа қараған шағында дүниеден озған Мұхтар Мағауиннің 40 күндік асы берілді. 

Журналист Жанар Байсеміз марқұмның асына қатысып, жазба жариялады. 

“Зулаған уақыт… Аңыз адам Мұхтар Мағауиннің өмірден өткеніне де 40 күн болды. Мағауиндер әулеті Алматыда жазушының қырқын берді. АҚШ-тан Мұхтар Мағауиннің жұбайы Бақытжамал апамыз келіп, ел-жұртымен көрісті. Адамда арман таусылған ба?! Жазушы өмірінің соңғы сәттерінде "кіші немеремнің алты-жетіге толған шағында кетсем, мәңгілік есінде қалар едім", — депті. Ұлы жазушының рухы пейіште шалқысын. Мағауин өлген жоқ. Мағауиннің екінші ғұмыры басталды. Мағауин қалдырған мол мұра мәңгілікке мәңгілік!", — деп жазды БАҚ өкілі.

Еске салайық қаңтарда бақилық болған жазушы АҚШ-тың Мэриленд штатында жерленетінін хабардар еттік.

“Жазушының жаназасы 11 қаңтарда АҚШ-тың Мэриленд штатында сағат 10:00-де өтіп, түріктің Diyanet Center of America мешітінде ұйымдастырылып, сол штаттың зиратына жерленді”, – деді марқұмның ұлы Едіге. 

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды