«Қар, жаяу боран»: 19 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

19.02.2025, 09:14
972
«Қар, жаяу боран»: 19 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды kp.ru / Олег УКЛАДОВ

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 19 ақпанда Қазақстанның 15 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында қар, жаяу боран болады.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде қар, боран соғады деп болжанып отыр.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман басады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұманды күн райы болмақ.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман болады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні  15-20 м/с, түнде жел екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аймақтарында тұман түседі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болжанады.

Күндіз Қарағанды облысында жолдар көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман болжанады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында қар жауып, боран соғады. Солтүстігінде, батысында тұман болжанады. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік, солтүстік-шығыс желінің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының шығысында көктайғақ болады. Солтүстігінде, орталығында тұман болжанады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Солтүстік-шығысында және орталығында тұман болжанады.

Түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар жауып, боран соғады. Батысында және оңтүстігінде тұман болжанады. Оңтүстігінде, шығысында солтүстік, солтүстік-шығыста жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауып, тұманды күн райы болады. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды