«Үш рет кездескен соң үйленіп кеттім»: Жахан Отарғалиев үшінші әйелімен қалай танысқанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
19.02.2025, 15:24
709
«Үш рет кездескен соң үйленіп кеттім»: Жахан Отарғалиев үшінші әйелімен қалай танысқанын айтты жеке мұрағатынан

Әйелім Құдайдан әзілге жақын жігітті тілеген дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі журналист Зарина Мүсілімге сұхбат беріп, үшінші некесіне қатысты әңгіме өрбітті. 

“Қатты күйзелісте жүргенде қажылыққа бардым. Сол жақта отырып, күндіз-түні дұға етумен болдым. Ажырасқаннан кейін ауырдым. Жанымда ешкім қалмады. Ақшам да жоқ, қарызға да кірдім. Сондай қиын сәтте Меккеге кетіп қалған едім. Қатты шаңырақ көтеріп, отбасын құрғым келді. Құдайдан сұрадым. Болашақ келіншегімнің бет-әлпетіне дейін сұрадым. Сол кезде болашақ келіншегім де Меккеде өзіне жар сұрапты. Ең қызығы, күйеуінің әзілге жақын болуын тілеген. Соны естігенде қатты таңғалдым. Меккеден келгеннен кейін, бір күні жақын адамым маған бір келіншекпен танысуымды өтінді. Жеке парақшасын жіберіп, реакция жібердім. Ол да солай жауап берді. Содан сөйлесіп кеттік. Бірден “Маған күйеуге шығасың ба, үйленейік” дедім. “Аға, асығыссың ғой” деп әзілдеді. Солай әңгімеміз жарасып, шаңырақ көтердік. Үш рет кездесіп, үйлендім”, – деді актер. 

Алайда актер келіншегінің бірінші некесінен екі қызы барын да жасырмады. 

“Осы уақытта дейін баласы бар келіншекке үйленемін деп ойламадым. Бірақ маңдайға жазғанын көреді екенбіз. Мектеп жасындағы екі қызы бар екенін айтты. Соларға жақсы әке болуды армандаймын. Әріқарай бала сүйіп, жарасымды отбасы болу үшін барымды саламын. Кіші қызы “Сізді қалай атаймыз” деді: “Көке деп айтыңдар” дедім. Шүкір, қазір бәрі жақсы”, – деді әзілкеш. 

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады