«Жел, тұман, бұрқасын»: 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

23.02.2025, 09:30
673
«Жел, тұман, бұрқасын»: 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды Getty Images

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК синоптиктері 23 ақпанда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысында түнде қар, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қалың қар жауады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, түнде облысытың оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қалың қар жауады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар да жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 

Алматы облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні - 17-22 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында - 15-18 м/с. 

Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20, екпіні 23 метрге жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың онтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 

Қарағанды облысының батысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-18 м/с. 

Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында жауын-шашын, облыстың шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. 

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. 

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды